Теориялық сабаққа



бет7/13
Дата11.09.2023
өлшемі2,32 Mb.
#180739
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,буындардың шығуы

Соғылу мен қысылудың емі: анальгетиктерді тағайындау; тіндерге қан құйылуды шектеу; науқасты тыныштандыру; зақымдалған аяқ-қолдарды иммобилизациялау; жергілікті мұз қою немесе хлорэтилмен салқындату. 2-3 күннен сон физиотерапия, массаж қолданылады. Егер гематома үлкен болатын болса, оған пункция жасалады немесе тіліп ашып, дренаж қойылады.
Созылу (distorsio)
Созылу–тарту күшінің әсерінен болатын тіндердің анатомиялық бүтіндігінің бұзылыстарын шақырмайтын механикалық зақымдалу. Созылулар сирақ-асық , тізе және иық буын байламдарында жиі кездеседі. Созылулар буындарда тез және бірден қозғалудың салдарынан дамиды. Зақымдалған жерде домбығу, қан құйылу, ісіну, ауыру сезімі пайда болады. Буынның қызметі онша бұзылмайды. Диагнозды клинико-рентгенологиялық зерттеу кезінде буынның басқа патологиясы байқалмаған жағдайда қояды.
Жыртылу (ruptura)
Тері асты шелмайының жыртылуы қан құйылумен бірге жүреді. Шандырдың жыртылуын пальпация арқылы бұлшықеттер босаңсығанда анықтауға болады. Ол қиғаш немесе көлденең жарық болып бөлінеді. Бұлшықетті тырыстырса, ол шандыр жарығы арқылы домбығып шығып тұрады, жұмсақ және серпімді ісік ретінде анықталады, басқаша оны «бұлшықет жарығы» деп атайды. Бұлшықеттердің жыртылуы толық және толық емес болуы мүмкін. Көбінесе қатаю және күшті жиырылу жағдайындағы бұлшықеттер жыртылады. Бұлшықет жыртылғанда қатты локальді ауыру сезімі пайда болады. Пальпация кезінде жарықты анықтауға болады, өйткені ол бұлшықет жиырылғанда үлкейеді.
Созылу мен жыртылудың емі: Ауыру сезімін басу, қысып тұратын таңғышты салу, зақымдалған аяқ-қолды иммобилизациялау, жергілікті суық басу. Буын байламдары созылғанда 8-12 күнге гипс таңғышы салынады. Егер бұлшықеттің жыртылуы толық емес болса консервативті ем жүргізіледі: тыныштық жағдай жасау, қысып тұратын таңғышты салу, кейінірек-компресстер, массаж, физиотерапия тағайындалады. Бұлшықет толық жыртылса, оны хирургиялық жолмен тігіп, 3 аптаға иммобилизация жасайды, кейін массаж, емдік дене шынықтыру тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет