Теориялық сабаққа



бет10/13
Дата11.09.2023
өлшемі2,32 Mb.
#180739
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,буындардың шығуы

Кенеттен болған жаралар, бұларға жоғарыда аталған жаралардың барлық түрлері жатады, олар кездейсоқ жағдайда пайда болғандықтан инфекцияланған бола-ды, ал әдейі жасалынған (операциялық) жаралар-асептикалық жаралар деп аталады. Инфекциялану дәрежесі бойынша олар асептикалық және инфекция-ланған жаралар болып бөлінеді. Екінші рет инфекцияланған жаралар-көбінесе операциядан кейінгі жараларда болады, бұлар дұрыс қарамаған жағдайда (медицина қызметкерлері немесе науқастардың өздеріне байланысты) жара пайда болғаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен соң іріңдеуі мүмкін.
Жаралар біреу немесе көп болып бөлінеді.
Жаралардың клиникалық белгілері. Клиникалық белгілері дененің осы жерінің ауыруы, жараның шеттерінің ырсиып ашылуы, қан ағуы және осы жердін қызметінің нашарлауымен басталады. Жаралардың жазылуы күрделі биологиялық процесс болып еселтелінеді. Олар шартты түрде үш кезеңге бөлінеді.
Гидратация кезеңі бірден жарақаттан кейін басталады және бірнеше тәулікке дейін созылады. Ісу белгілерімен сипатталады. Бұл кезеңде емдеуде жарадағы барлық керексіз заттардың шығуы үшін (жараны кесу, дренаждау, гипертониялық ерітінділерді қолдану) жағдай туғызу керек.
Дегидратация кезеңі. Жараның тазалануы, ісіктің азаюы, өлі тканьдардың және фибринді ұйысқан қан түйірлерінің, грануляция тканьдардан пайда болуы (антисеп-тикалық ерітпелер, майлы таңбалар, сирек таңу) үшін жағдай туғызу қажет.
Эпителизация кезең жараның кемістік жерін жабатын эпителиаль тканінің пайда болуымен сипатталады. Осыменен бірге грануляцияланған тканьнан тыртық ткань пайда болады.
Әрбір кезеңнің ұзақтығы жарадағы өзгерістерге, емдеу тәсіліне, организмнің жалпы жағдайына және инфекцияның бар-жоқтығына байланысты болады.
Жаралардың жазылуы төмендегі түрлерге бөлінеді.
Жараның алғашқы тез жазылуы (заживление ран первичным натяжением) асқы-нусыз жазылған жара деп аталады. Жазылу орта есепнен 6-8 тәулікте жіңішке сызық-ша болып бітеді.
Жараның шеті ашылып, ырсиып, іріңдесе онда ол асқынып жазылады. Жараның бұндай жазылуын асқынып жазылу (заживление ран вторичным натяжением) деп аталады. Бұған себеп жарада өлі тканьдардың мезгілімен тазаланып, жоқ болуы, грануляцияның пайда болуы, тыртық тканьның және эпителизацияның болуы шарт. Асқынып жазылу ұзаққа созылады (бірнеше аптаға) тыртығы жуан, дөрекі болып бітеді. Оның тыртықтануынан буынның қимылының нашарлауы (контрактура), егер тыртық буынға жақын болғанда пайда болады.
Қабыршақтың астындағы жараның жазылуы. Терінің кішігірім жарақаттарында жара бетінде ұйыған қан, лимфадан кабық (струп) пайда болады. Қабыршақтың астының жазылу процесі жаралардың регенерациялануының жалпы көзқарас қағида бойынша, бірақ едәуір тезірек жазылады.
Жараның микробпен ластануы. Әртүрлі кенеттен пайда болған жараның микробпен ластануы жиі кездеседі.
Жарадағы микробтардың өсіп-өнуі үшін микробтардың вируленттігі, жара өзегінің аймағындағы тканьдардың, қан айналысының және жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауы, дененің қорғаушы күштерінің бәсеңдеуі себеп болады. Микробтардың өсіп-өнуі үшін қолайсыз болған жағдайларда микрофлора жоқ болып кетуі мүмкін.
Жараның іріңдеуі. Жарадағы іріңдеу процесінің белгілі клиникалық белгілері болады; жара шеттерінің қызаруы, олардың ісінуі, қатаюы, жергілікті, сондай-ақ жалпы температураның көтерілуі, солқылдап ауыру пайда болуы, дененің осы бөлімінің қыз-метінің нашарлауы байқалады.
Жарадағы ісік экссудаты іріңді ісікке (қанның ақ түйіршіктерінің санының көбеюі) айналады. Жабық жарада үлкен іріңдік пайда болып, тканьдар арасына тарайды.
Іріңдеген жараларды емдеу, іріңнің сыртқа шығуына жақсы жағдай туғызудан және бактерияға қарсы ем жүргізуден тұрады.
Жараланудағы бірінші көмек
Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату (байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қоярдың алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі.
Жараға таңғышты қоярдың алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл.
Таңышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс.
Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясы тиісті тарау-ларда көрсетілген ережелер бойынша жүргізіледі. Науқасты емдеу мекемесіне алып бару керек.
Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, оңда еш нәрсені қайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет. Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда жара бар жерді кең ашып, жараның шетіндегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу мекемесіне жөнелту керек.
Жараларды емдеу. Жара бетін тазалау және бірден тігу жолы. Жара кішігірім болғаңда (сырылу т.б.) немесе көрінерлік ластанбаған жағдайда, шеттері тегіс болып кесілген жарада және мүшелері жарақаттанбаған науқастарға жараның беті тазаланып бірден жіп салынады. Бұны бірден тігу деп атайды.
Жараның айналасындағы жүн қырылады, теріге спирт сүртіледі және йод ерітін-дісі жағылады. Егер науқаста тек тері сыдырылған болса, онда асептикалық таңғыш қойылады. Бұл жағдайларда бактерициттік қасиеті бар БФ-6 желімін қолданып және таңғыштың қойылмауы мүмкін.
Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет