- Шағымы: әр түрлі химиялық, температуралық тітіркендіргіштерне қысқа уақытқа созылатын ауру сезім болады.
- Қарап тексергенде: зақымдану ошағынды кіреуке деңгеійндегі ақау табылады. Зондпен тексеру барысында анықталады. ЭҚ 2-6 мкА. Жанасу бетіндегі тісжегі R әдісімен анықталады.
- Патологиялық анатомиясы: кіреуке-дентин байланысы бұзылмаған, дентинде өзгеріс жоқ, кіреукенің деструкцияланған бөлігі анықталады.
- Салыстырмалы диагностикасы: дақты тісжегімен, кіреуке эрозиясымен, гипоплазиясымен.
Орта тісжегі - Шағымы: химиялық, температуралық тітіркендіргіштірге ауру сезімі, кейде ешкандай шағым болмауы мүмкін. Бұл үрдісте кіреуке-дентин шекараса бұзылады.
- Қарап тексергенде: тісжегі қуысы терең емес, жұмсарған дентинге және ас қалдықтарына толы. Тісжегінің баяу дамыған кезде кіру тесігі кең, табаны мен қабырғалары тығыз. Жедел дамыған кезде кіру тесігі тар, жиектері сыңғыш, өткір болады. Зондпен тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезім болады. ЭҚ 2-6 мкА.
- Салыстырмалы диагностика: сына тәрізді ақаумен, созылмалы периодонт қабынуымен.
Патологиялық анатомиясы - Үш зонамен сипатталады:
- 1. деминерализация және ыдыранды. Осында бұзылған дентин, кіреуке қалдықтары мен көптеген микроорганизмдер көрінеді. Дентин түтікшелері кеңейген, бақтерияларға толы. Одонтобластар майлы дистрофияға ұшырған.
- 2. екінші зонада одонтобластар бұзылған, микроорганизмдерге толы, дентин түтікшелері кеңейіп, деформацияға ұшырған. Одан тереңрек тығыз мөлдір дентин қабаты – гиперминералдану зонасы орналасқан. Ол біртіндеп сау дентинге ауысады.
- 3. үшінші зонада тісжегі ошаққа сәйкес орынбасушы дентин қабаты түзіледі. Тісжегі қуысының тереңдігіне сәйкес тіс ұлпасындағы өзгерістер болады.
Терең тісжегі - Шағымы: механкалық, химиялық, температуралық тітіркендіргіштерден тез басылатын ауру сезім болады.
- Қарап тексергенде: терең тісжегі қуысы, кіреуке жиектері салбыраған, қуыстың іші жұмсарған, пигменттелген дентинге толы. Зондпен тексергенде қуыстын табаны ауырады, перкуссия ауру сезім тудырмайды. ЭҚ 10-12 мкА дейінге төмендейді.
- Патологиялық анатомиясы: патологиялық өзгерістер орта тісжегінің өзгерістеріне ұқсас.
- Салыстырмалы диагностика: орта тісжегімен, жедел жартылай ұлпа қабынуымен, созылмалы фиброзды ұлпа қабынуымен.
Достарыңызбен бөлісу: |