Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.
Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босаңсыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.
Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.
Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).
Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.
Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.
Тамыр соғу толықсуын бағалаңыз.
Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.
Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына– графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына –сандық әдіспен жазыңыз.
Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
№2.3 Дене қызуын қолтық астынан өлшеу.
Мақсаты: диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.