Терапияға қандай препаратты қосу ЕҢ тиімді?



Дата12.09.2023
өлшемі39,18 Kb.
#180831
Байланысты:
вб сириус новые ответы (1)


#1
*!Әйел адам 56 жаста, 2 типті қант диабетімен 5 жыл бойы аурады. 2 жыл бұрын миокард инфарктісін өткерген. Күнделікті 1500 мг Глюконил қабылдайды. ДМИ 34. НвА1с 12%. Аш қарынға гликемия 7 ммоль/л, тамақ ішкен соң 2 сағаттан кейін 12 ммоль/л.
Терапияға қандай препаратты қосу ЕҢ тиімді?

*акарбоза


*лираглутид
*репаглинид
*глимепирид
*+инсулин Лантус

#2
*!Медициналық тексерістен өткен 50 жастағы ер адамда көктамыр сарысуында аш қарынға гликемия 7,2 ммоль/л анықталынған, қайталап тексергенде – 7,0 ммоль/л. Бойы 174 см, салмағы 84 кг.


Қандай диагноздың болуы БАРЫНША ықтимал?

* Қант диабеті 1 тип


* Қант диабеті 2 тип
* +Аш қарынға гликемия бұзылысы
* Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы
* Алиментарлы-конституционалды семіздік

#3
*! Ер адам 50 жаста проф.тексерістен өтті. Бойы 160 см, салмағы 90 кг, пульс 80 рет минутына, АҚ –150/90 мм.с.б., көктамыр сарысуында аш қарынға гликемия – 6,8 ммоль/л, глюкозаның 75 гр-мен тест жүргізгеннен кейін 2 сағаттан соң – 7,7 ммоль/л.


Қандай диагноздың болуы БАРЫНША ықтимал?

* Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы


* +Қант диабеті 2 тип, жеңіл ағымы
* Аш қарынға гликемия бұзылысы
* Метаболикалық синдром
* Артериальды гипертония

#4
*! Ер адам 53 жаста теріде бөртулердің пайда болуы мен қышуына шағымданады. Дерматологта емделген , әсерсіз. Бойы – 167 см. Салмағы – 89 кг. АҚ 140/90 мм с.б. Тексергенде: аш қарынға гликемия - 10,1 ммоль/л, холестерин – 6,5 ммоль/л. Зәрде белок - 0,033г/л, Л-2-4 к/а.


Қандай диагноздың болуы БАРЫНША ықтимал?

* Қант диабеті 2 тип


* +Метаболикалық синдром
* Артериальды гипертония
* Созылмалы пиелонефрит
* Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы
#5
*! Жасы 27-дегі әйел шөлдегіштікке, диурездің жиіленуіне, дене салмағының азаюына шағымданады. Өткерген грипптен кейін ауырып қалған. Гликемия деңгейі 22,3 ммоль/л. Кетонурия .
Қандай диагноздың болуы БАРЫНША ықтимал?

*Қант диабеті 1 тип


*Қант диабеті 2 тип
*Бүйректі глюкозурия
*Стресстік гипергликемия
*+Қант диабетінің басқа арнайы типтері (инфекциялар)

#6
*! Әйел С. , педагог, 34 жаста, білезік және қол басының ұсақ буындарының ауруы мен ісінуіне шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Таңертеңгілік құрысу, қолдың ульнарлы девиациясы, ауырсынудың созылмалы қабынулық сипаты байқалынады. Ревматоидты факторға қан талдауы-20,2 ХАБ\мл (норма 0-14), Райт және Хеддельсон реакциясы-теріс.


Қандай диагноздың болуы ЕҢ ықтимал?

*Остеоартроз


*Реактивты артрит
*+Ревматоидты артрит
*Псориатикалық артрит
*Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы

#7
*!64 жастағы әйел, тігінші, механикалық сипаттағы қол білезігінің ұсақ буындарының жүктемеден кейін, тәуліктің соңында болатын ауруына, 30 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысуға, дистальды фалангааралық буындарында ауырмайтын өсінділердің болуына шағымданады. Объективті: қолдың дистальды фалангааралық буындары қалыңдаған, олардың бүйір беттерінде бұршақтың өлшеміндей қатты түйіндер байқалынады. Қолдың рентгенограммасында: остеофитоз және буын саңылауларының тарылуы. Жалпы қан анализінде – ЭТЖ – 8 мм/сағ. Райт-Хеддельсон реакциясы теріс.


Қандай диагноздың болуы ЕҢ ықтимал?

*подагра
*бруцеллез


*+остеоартроз
*ревматоидты артрит
*анкилоздаушы спондилоартрит

#8
*! Әйел С. , педагог, 34 жаста, білезік және қол басының ұсақ буындарының ауруы мен ісінуіне шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Таңертеңгілік құрысу, қолдың ульнарлы девиациясы, ауырсынудың созылмалы қабынулық сипаты байқалынады. Ревматоидты факторға қан талдауы-20,2 ХАБ\мл (норма 0-14), Райт және Хеддельсон реакциясы-теріс. Базисты препараттың қайсысынан терапияны бастау ЕҢ тиімді:


*азатиоприн


*+метотрексат
*циклоспорин
*циклофосфан
*гидроксихлорохин

#9
*!64 жастағы әйел, тігінші, механикалық сипаттағы қол білезігінің ұсақ буындарының жүктемеден кейін, тәуліктің соңында болатын ауруына, 30 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысуға, дистальды фалангааралық буындарында ауырмайтын өсінділердің болуына шағымданады. Объективті: қолдың дистальды фалангааралық буындары қалыңдаған, олардың бүйір беттерінде бұршақтың өлшеміндей қатты түйіндер байқалынады. Қолдың рентгенограммасында: остеофитоз және буын саңылауларының тарылуы. Жалпы қан анализінде – ЭТЖ – 8 мм/сағ. Райт-Хеддельсон реакциясы теріс.


Базисты препараттың қайсысынан терапияны бастау ЕҢ тиімді:

*азатиоприн


*метотрексат
*циклофосфан
*гидроксихлорохин
*+хондроитин сульфат
#10
*! Жасы 53-тегі ер адамды сол аяқ басының бас башпайының ісінуі, ауырсынуы соңғы бір тәулік бойы мазалайды, оны алкоголь қабылдаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: буын гиперемирленген, ыстық, пальпация кезінде күрт ауырып, ұстатпайды. ЭТЖ- 30 мм/сағ, СРБ-оң, зәр қышқылы-560 мкмоль/л.
Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

* Остеоартрит


* Реактивты артрит
* +Подагралық артрит
* Ревматоидты артрит
* Псориатикалық артрит

#11
*!Әйел адам 40 жаста емхананың учаскелік дәрігерінің амбулаторлы қабылдауында кешке қарай дене температурасының 37,6 0С дейін жоғарлауына, шырышты-іріңді қақырығы бар тұрақты жөтелге, физикалық күштемедегі ентігуге, жалпы әлсіздікке, көп терлеуіне шағымданады. Аускультацияда оң өкпенің төменгі бөлігінде әлсіреген везикулярлы тыныс.


Диагноз қоюда қандай зерттеу әдісін тағайындау БАРЫНША негізделген?

*Спирография


*Пикфлоуметрия
*+Рентгенография
*Пульсоксемитрия
*Электрокардиография

#12
*!Ер адам 39 жаста дене температурасының 380С дейін жоғарлауына, жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Аускультацияда: оң жақта жаурын асты аймақта тыныстың әлсіреуі, крепитацияланған ұсақкөпіршікті сырылдармен. Рентгенологиялық зерттеу жүргізілген.


Өкпе рентгенограммасында қандай өзгерістердің болуы БАРЫНША ықтимал?

*Барлық өкпе алаңында диффузды ұсақ ошақтар


*Өкпе суретінің тотальды ағаруы (просветление)
*Сұйықтық деңгейі бар ошақты дөңгелек көлеңке
*Өкпе суретінің тотальды қараюы (затемнение)
*+Тығыздалу учаскесі, анық емес контурлар

#13
*! Тәулігіне 200 мл-ге дейін шырышты-іріңді қақырығы шығатын жөтелге, бала кезінен қақырық бөлінетін жөтелдің жиі эпизодтарының болуына шағымданатын әйелге қандай зерттеу әдісін тағайындау БАРЫНША тиімді?





  • Спирография

  • Бронхография

  • Пикфлоуметрия

  • Өкпе сцинтиграфиясы

  • +Кеуде клеткасының рентгенографиясы

#14
*! Ауыр пневмониясы бар 45 жастағы ер адамда күрт әлсіздік, бас айналу, ентігу, лоқсу пайда болды. Қарағанда: тері жабындысы бозғылт, акроцианоз, терісі ұстағанда салқын және ылғалды, ЖСЖ-110 рет мин., жіпті пульс, жүрек тондары әлсіреген, АҚ – 80/50 мм с.б.


Бұл жағдайда қандай асқынудың дамуы БАРЫНША ықтимал?

*Сепсис
*Кардиогенды шок


*Инфекционды-токсикалық шок
*+Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*Жедел респираторлы дистресс-синдром

#15
*! Ер адам 57 жаста реанимация бөлімінде жедел миокард инфарктісімен жатыр. Госпитализацияның 3-күнінде дене температурасы 38˚С дейін жоғарлады, шырышты-іріңді қақырығы бар жөтел, тершеңдік пайда болды. Аускультацияда оң жақта төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар анықталынды.


Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

*+Аурухана ішілік пневмония


*Аспирационды пневмония
*Жүрек жеткіліксіздігі
*Дресслер синдромы
*Оң жақты плеврит

#16
*!Мейірбекелер байқауы бойынша палатада жатқан 72 жастағы әйел адамда бес күн аралығында кіші дәреті аз бөлініп жатыр. Ол пневмониямен госпитализацияланған, кейін оған диарея қосылған. Қан анализдерінде креатининнің 98-ден 172 мкмоль/л-ге дейін жоғарлағаны анықталынған.


Преренальды уремия немесе каналшықтардың жедел некрозы барын анықтауда қандай зерттеу әдісі ЕҢ пайдалы болады?

*Гемоглобин концентрациясы


*+Қандағы мочевина деңгейі
*Плазманың осмоляльділігі
*Зәрдегі мочевина
*Зәрдегі натрий

#17
*! Бүйрек жеткіліксіздігімен госпитализацияланған 65 жастағы ер адамда каналшықтардың жедел некрозы диагностикалынған.


Көрсетілгендердің қайсысы каналшықтардың жедел некрозы дамуының мүмкіндігі ЕҢ төмен себепкері болады?

*Кортикостероидты терапия


*Парацетамолмен улану
*+Гиповолемия
*Рабдомиолиз
*Гипертония

#18
*!Ер адам 40 жаста, қатты әлсіздікке, жүрек соғысының жиіленуіне шағымданады.


Тексергенде: натрий 143ммоль/л, калий 7,0ммоль/л, мочевина 35ммоль/л, креатинин 450мкмоль/л.
Әрекеттердің қайсысы ЕҢ жақсы жедел терапия болып табылады?

*Декстроза мен инсулинды тамыр ішіне енгізу


*+Кальций глюконатын тамыр ішіне енгізу
*Натрий бикарбонатын тамыр ішіне енгізу
*Шашыратылған сальбутамол
*Тазартқыш клизма

#19
*! Бодибилдингпен айналысатын 29 жастағы ер адамда бүйрек қызметін тексергенде рШФЖ 54 мл/мин. анықтаылнған.


Факторлардың қайсысы бұл күтпеген төмен нәтижені түсіндіруі ЕҢ ықтимал?

*Қанды алғанда сусызданған жағдайда болуы


*+Бұлшықет массасының үлкен болуы
*Көп мөлшерде сүт қабылдауы
*Алкоголь көп қабылдауы
*Бойының өте ұзын болуы

#20
*!Ер адам 62 жаста, нормохромды және нормоцитарлы анемия бойынша тексерістен өтіп жатыр. Онда 2 типті қант диабеті мен артериалды гипертензия анықталынған. Лабораторлы: гемоглобин тұрақты 95 г/л деңгейде тұр, ШФЖ 45мл/мин, ферритин 50мкг/л, сарысулық эритропоэтин - 8 (қалыпты: 4-24 му/мл).


Әрекеттердің қайсысы емдеу үшін ЕҢ қолайлы?

*Hb 100-120 г/л-ге жету мақсатында қан құю


*Hb 120-140 г/л-ге жету мақсатында қан құю
*Дарбепоэтинді тері астына салуды бастау
*Гемоглобинды 6 айдан кейін тексеру
*+Темірді тамыр ішіне енгізу

#21
*!Ер адам 60 жаста, ұзақтығы 20 минуттан асатын, сол қолға таралатын жүрек аймағындағы интенсивті күйдіретін сипаттағы ауру сезіміне шағымданады. АҚ - 140/90 мм с.б. ЭКГ-да - синусты тахикардия, I, II, V1-V4 әкетулерінде ST сегментінің 0,4-0,5 мВ элевациясы.


Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*ЖИА. ЖКС ST сегментінің жоғарлауымен бүйір қабырғасында


*ЖИА. ЖКС ST сегментінің жоғарлауымен төменгі қабырғасында
*ЖИА. ЖКС ST сегментінің жоғарлауынсыз төменгі қабырғасында
*+ЖИА. ЖКС ST сегментінің жоғарлауынсыз алдыңғы-перделік қабырғасында
*ЖИА. ЖКС ST сегментінің жоғарлауымен алдыңғы қабырғасында ұшымен бірге

#22
*!Әйел адам, 70 жаста сол қолға берілетін, 30 минутқа созылған, жүрек аймағындағы күйдіріп тұрған ауру сезіміне, дене температурасының 390С дейін жоғарлауына, құрғақ жөтелге, әлсіздікке, бұлшық еттерінің ауруына шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериальды гипертензия, ЖИА. Күйеуі инфекционды стационарға COVID-19-бен госпитализацияланған. ЭКГ-да: I, AVL, V1-V3-де ST-ң изолиниядан 4 мм –ден жоғары көтерілуі.


Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы бірінші кезекте БАРЫНША тиімді болады?

*КАГ 72 сағат айналасында, SARS-COV2-ге ПЦР


*SARS-COV2-ге ПЦР, КҚА (ОГК) рентгенографиясы
*Тропонинге тест, SARS-COV2-ге ПЦР, КҚА (ОГК) рентгенографиясы
*Антитела к коронавирусу SARS-CoV-2 IgM IgG, ПЦР на SARS-COV2
* SARS-CoV-2 коронавируске антиденелер IgM IgG, SARS-COV2-ге ПЦР
*+ Тропонинге тест, КАГ, КҚА (ОГК) рентгенографиясы, SARS-COV2-ге ПЦР

#23
*!Ер адам 65 жаста физикалық күштемедегі ентігуге, әлсіздікке, жүректің жиі соғуына, балтыры мен аяқ басының ісінуіне шағымданады. Анамнезінен: артериальды гипертензия 3 дәрежесі 20 жылдай, 2 типті қант диабеті - 8 жыл. Қарағанда: ЖСЖ 96 рет минутына. АҚ 190/100 мм с.б. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр. Алты минуттық жүру тесті – 200 м., pro –BNP – 700 пг/мл, микроальбуминурия. ЭХОКГ: Лақтырыс фракциясы-53%.


Көрсетілген препараттар тобының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*диуретиктер, нитраттар


*+β-блокаторлар, диуретиктер
*диуретиктер, ААФ ингибиторлары
*жүрек гликозидтері, антикоагулянттар
*жүрек гликозидтері, кальций каналдарының блокаторлары

#24
*! Ер адам 48 жаста өткерген пневмониядан кейін құрғақ жөтелге, айқын ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: жүрек шекараларының ұлғаюы, жүрек тондарының әлсіреуі, ЖСЖ 90 рет мин, АҚ 125/65 мм с б. ЭКГ: қарыншалық комплекстерінің вольтажының төмендеуі, ST сегментінің V1-5 конкордантты жоғарлауы. Рентгенологиялық: кардиомегалия, жүрек талиясының тегістелуі. Кенет науқастың жағдайы нашарлады. Қатты әлсіздік, тахикардия, салқын тер, цианоз пайда болды, АҚ 60/40 мм с.б.


Қандай емдеу тактикасын қолдану БАРЫНША тиімді?

*диуретиктерді қосу


*перикард пункциясын
*нитраттарды қолдану
*антикоагулянттар тағайындау
*+электроимпульсты терапияны қолдану

#25
*! Ер адам 68 жаста төс артындағы ауру сезіміне, жүрек соғысының өзгеруіне (перебои), ентігуге, айқын әлсіздікке шағымданады.. Анамнезінде ишемиялық кардиомиопатия, жүрек ырғағының бұзылысы. Кардиологтың тағайындауымен күніне 0,125 мг дигоксин қабылдайды. Қарағанда: өкпеде іркіліс сырылдары; жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс емес, АҚ 80/40 мм рт.ст., бауыры 3 см қабырға доғасынан, балтырының ісінуі. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы ҚЖС шамамен 160 рет минутына. QT интервалының 0,40 мс дейін ұлғаюы. STV1-V4 4 мм-ге элевациясы. Амиодарон тағайындауынан бас тарту деп шешілді.


Көрсетілген критерийлерінің қайсысы амиодарон тағайындауынан бас тартуға себепші болуы БАРЫНША ықтимал?

*СЖЖ-нің болуы


*+кардиогенды шок
*QT интервалының ұзаруы
*дигиталисты интоксикация
*синусты түйіннің әлсіздік синдромы

#26
*!Бауыр циррозымен стационарда емдеуде жатқан 55 жастағы ер адам күндізгі уақыттағы ұйқышылдығына, есінің төмендеуіне, тез қозуына, агрессивты болуына шағымданады.


Бұл симптомдарды азайту үшін қандай препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Сертралин


*Флуоксетин
*Нортриптилин
*L-карнитин оротат
*+L-орнитин-L-аспартат

#27
*!Ер адам 45 жаста айқын әлсіздікке, тері жабындысының сарғаюына, ішінің ұлғаюына, ашушаң болуына шағымданып келді. Анамнезінде: арақ-шарап көп қабылдайды, өт шығаратын жолдарының дискинезиясы бар. Тексергенде: АЛТ – 100 ед/л, АСТ – 80 ед/л., альбумин 29 г/л, HCV- Ab – оң. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ - эхотығыздықтың ұлғаюы, қақпа көктамырдың кеңеюі, іш қуысында бос сұйықтықтың болуы. Өт қабы қабырғаларының қалыңдауымен, қуысында гомогенді өт.


Қандай диагноздың болуы БАРЫНША ықтимал?

*+Бауыр циррозы,алкольді және вирусты генез нәтижесінде


*Вирусты гепатит В
*Созылмалы гастрит
*Өт шығаратын жолдарының дискинезиясы
*Функциональды ойық жаралы емес диспепсия

#28
*!Әйел адам 27 жаста, шашының түсуіне, жұқаруына шағымданады. Қарағанда: тырнақтарының сынғыштығы мен көлденең сызбаларының болуы, ауыз бұрышындағы тері жарылуы.Анализде: Нв – 98 г/л, ТК- 0,7, MCV – 72фл.


Синдромдардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

*гиповитаминоз


*гемолитикалық
*гипокальциемия
*+сидеропениялық
*циркуляторлы- гипоксиялық

#29
*!Әйел адам 75 жаста тағам қабылдаған соң пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, тіліндегі ауру мен күйдіру сезімдеріне, жалпы әлсіздікке, ентігуге, аяқтарында «мақталы аяқ» сезімнің болуына, аяқтардың ұюына шағымданады. Объективты: терісі бозғылт, сарғайған, тілі тегістелген, глоссит. ЖҚА-де гемоглобин-80 г/л., эритроциттер-2,2х1012/л, ТК – 1,2, MCV – 104 фл, Жолли денешіктері, Кебот сақиналары бар.. Эзофагогастродуоденоскопияда – диффузды атрофиялық гастрит.


Анемияны емдеуде көрсетілген препараттың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Тиамин
*Преднизолон


*Ферротерапия
*+Цианокобаламин
*Фолий қышқылы

#30
*!Ер адам 68 жаста, әлсіздікке, тіліндегі ауру және күю сезімінің болуына шағымданады. . Тексергенде: ЖҚА: Нв 85 г/л, эр. - 1,7х1012/л, MCV – 104 фл, лейк. – 3,8х109/л, тром. – 110х109/л, Жолли денешіктері, Кебот сақиналары, ЭТЖ 40 мм/сағ. Дәрігер цианокобаламинмен емді б/е бастады.


Емдеу фонында ЖҚА-де қандай өзгерісті күту БАРЫНША мүмкін?
*Лимфоцитоз
*Лейкоцитоз
*+Эритроцитоз
*Тромбоцитоз
*Ретикулоцитоз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет