«Тербелістер және толқындар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
9 сынып, 1 нұсқа
1.(а) Еркін тербеліске мысал келтіріңіз. Еріксіз тербеліске мысал келтіріңіз. [1]
(b) Берілген суреттер ішінен еріксіз тербеліске жататын мысалды анықтаңыз. [2]
2. Суретте тербелмелі дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелді графигі көрсетілген.
Берілген графиктен анықтаңыз:
А)Тербеліс амплитудасын [1]
В) Тербеліс периодын [1]
С) Тербеліс жиілігін [1]
3. (а) Дыбыс қаттылығы қандай физикалық шамаға тәуелді болады? [1]
(b) Тон биіктігі қандай физикалық шамаға тәуелді болады? [1]
4.Егер 0,002 с периодпен тербелетін дыбыс көзі суда ұзындығы 2,9 м болатын толқындарды тудыратын болса, онда судағы дыбыстың жылдамдығын анықтаңдар? [1]
5. Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге массасы 9 кг дене бекітілген. тербеліс периоды неге тең? [2]
6. Индуктивтігі 1,3 мГн катушкасын қолданып, жиілігі 2,5 МГц тербелмелі контурды құрастыру керек. Конденсатор сыйымдылығы қандай болады? [3]
Жалпы балл: 14
Достарыңызбен бөлісу: |