Педагогикалық процестің белгілері мен сапа-қасиеттері:
Педагогикалық процестің белгілері мен сапа-қасиеттері:
* педагогикалық процес әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен аныкталады;
* ынтымактастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуынын шарттарын бейнелейді;
* «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процес ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
* педагогикалык процестің негізгі интегративтік қасиетін әр- түрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының калыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) кайта құру белсенділігімен сипатталады.