Тәрбие процесінің заңдылығы деп педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталынады. Тәрбие процесінің заңдылығы қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым-қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс-әрекет пен қарым-қатынас- тәрбие процесінің негізі, қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті тірек.
- Тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы-тәрбие жұмысының төртінші заңдылығы.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігін-тәрбие процесінің бесінші заңдылығы.
-Тәрбие процесінің мазмұндамасы қоғамдық ортаның объективтік және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болатындығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы “Дарын” 2004.
2. Комплексная программа воспитания в организациях образования РК. Министерство образования и науки Республики Казахстан. – Астана, 2000.
3. Қалиев С., Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Алматы “РБК” 1999.
4. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы. “Білім”. 2001.
5. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. – Алматы, “Нұрлы әлем”. 2003.