«Классификациялау» ұғым тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу деген мағынаны білдіреді. Әр әдістің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін классификациялау не үшін қажет? Ол тәрбие әдісінің:
Жалпы және жеке Негізгі және кездейсоқ Теориялық және практикалық ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі Мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды; Әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгсін және оның ерекшелігін, міндетін бір-бірімен байланысын айқындай түседі
Г.И. Щукина өзінің «Мектеп педагогикасы» оқулығында тәрбие әдісін классификациялауда қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К. Бабанский, В.А. Сластенин «Педагогика» оқулығында (1988) тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеалы).
Екінші топ — іс-әрекетті ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ — іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ – мінез-құлық, іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беру әдістері.
Бірінші топ
Екінші топ
Үшінші топ
Төртінші топ
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері
Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер етуді айтамыз (К.Б. Сейталиев. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986)
Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасына әрі сезіміне, көңіл-күйіне ықпал етеді бірімен-бірі ұштастырылған жағдайда жоғарылай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды.
Жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай тұғызады;
нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізі арқылы айқындайды
Студенттерге сұрақтар:
Студенттерге сұрақтар:
Педагогика ғылымының негізгі категориялары?
Қазақ ғалымдар арасында кім педагогикаға үлесін қосқан? Атаңыздар жыне жасап қандай үлес қосқаны туралы бір ауыз сөз айтып кетініздер?