Іс - әрекетті ұйымдас- тыру, мінез – құлықты қалыптастыру әдістері
Педагогикалық талап
Әртүрлі іс-әрекеттердің бір түріне тежеу, ал енді бір түрін күшейту мақсатымен тәрбиеленушінің санасына педагогикалық ықпал жасау екендігі тәрбие әдісінің теориясында айқындалған. Мұнда нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктеледі.
Үйрету
Мектеп тәжірибесінде қолданғанда бала көбіне тапсырманы сырттай механикалық тұрғыда орындауға әуес келеді.
Жаттығу
Мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әртүрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі.
Ойын- түрлері
Оқушыларға жағымды ықпал туғызу үшін әр түрлі әдіс тәсілмен ойындар ұйымдастыру
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері
Этикалық әңгіме
Сендіру
Пікірталас
Түсіндіру
Этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды..
Сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді.
Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
Ынталандыру әдістері
Мадақтау
Оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Мадақтаудың түрлері: мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру.
Жазалау
Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді.
Жарысо
Мектеп жағдайында мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік-психологиялық фактор ретінде оқушылардың бір- бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс- әрекетіне жаңа серпін, жаңа ой-сезім және баланың өзіне жаңа талап қоюына мүмкіндік туғызады.