Тәрбие жұмысы: мақсаты,міндеттері,қағидалары,заңдылықтары



Дата21.12.2021
өлшемі123,7 Kb.
#104550
Байланысты:
ТЖТ, Сейтмаханбет Сымбат хбк-91, №1 практикалық сабақ

Тәрбие жұмысы:мақсаты,міндеттері,қағидалары,заңдылықтары

Орындаған: Сейтмаханбет Сымбат хбк-91

Тексерген: Сыздыкова Баян Рамазановна

Жоспар

  • Тәрбиенің анықтамасы
  • Тәрбие процесінің ерекшеліктері
  • Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
  • Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

Тәрбие-жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру,сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту, белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру, мәдени мұраға тарту, көркемдік толғамды дамыту енеді.

  • Тәрбие-жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру,сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту, белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру, мәдени мұраға тарту, көркемдік толғамды дамыту енеді.
  • Тәрбие- мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан-ұрпаққа алмастыру процесі.
  • Тәрбие- тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша,мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.
  • Тәрбие процесі- жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбәр әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруде, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
  • Тәрбие процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын соған негіздеп, оларды іс-жүзінде асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, обьективті мүмкіндіктерін сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктердің қорытындысын белгілейді.
  • Американ педагогы Эдвард Ли Торндайк(1874 жыл 31 тамыз-1949 жыл 9 тамыз) «Тәрбие жалпы алғанда адамда басқа адамдарға деген мейірімділікті, игілікті және таза ләззат алуға ұмтылысты дамыту қажет» ,-деп айтты

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Тәрбиенің мақсаты- адамның табиғи қабілеттіктерін дамыту, әруақытта да оны жетілдіріп отыру.

Тәрбиенің мақсаты- үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасып өздері тануларына, әлеметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Оқушыларды тәрби елеудегі басты міндетті шешу үшін, ол оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу керек.

К.Д.Ушинский «Адам-тәрбие нысанасы» деген еңбегінде былай деп жазған: «Егер педпгогика адамды жанжақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білу керек».

Философия ғылымында “заңдылық”деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді.

  • Философия ғылымында “заңдылық”деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді.
  • Тәрбиенің заңдылықтарына:Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл-табиғи заңдылық;Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс әрбиенің болмау жағдайы,Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы,Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және оны қолдану мүмкін еместігі,Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі.Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
  • Кезінде К.Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбиепроцесінде оң нәтиже бермейтіндгін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.

Принцип деген ұғым латын тілінде “бастапқы”, “негізгі” деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.

Олай болса, тәрбие принциптері деп-тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педаголгикалық әдебиеттерде “негізгі талаптар” немесе”ережелер жүйесі” деп те түсіндіреді.

Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет