Рухани-адамгершілік мәдениет бағыты бойынша
8-cыныпта «Дос болайық бәріміз»атты ашық тәрбие сағатын Омарова С.Б. өткізді.
Кемшілігі сынып жетекшіге айтылды,бірақ жетістіктері көп болды.Тәрбие әдіс бірлестігінде жақсыдан жоғары деген баға қойылды. 9-cыныпта «Наурыз- жыл басы» атты ашық тәрбие сағатын Конарова Р.Б өткізді.Тәрбие әдіс бірлестігінде жақсы деген баға қойылды. Кемшілігі сынып жетекшіге ескертілді.
5- наурыз күні аудандық «Әй- керім—ай» байқауына 3-сынып оқушысы қатысып келді. Сезімнің әнін,биін,костюмдарын Абдильман З.А. дайындады. Нәтижесінде бала сайысқа жақсы қатысқаны үшін аудандық мақтау қағазымен марапатталды. Көшпай Сезім еңбегінің нәтижесінде бала ауданда жақсы өнер көрсетіп, мектебіміздің намысын қорғады.
Азаматтық-ұлтжандылық тәрбие бағыты бойынша
7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне қарсы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мектеп директоры- мұғалімдер мен қызметкерлерді мереке күнімен құттықтады.Мереке күніне арнап, мерекелік концерт мектепте ұйымдастырылды,бұл іс- шараға 6-7 cынып жетекшілері атсалысты. Мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне 6-7 сынып оқушылары құттықтау открыткаларын берді, қабырға газетін шығарды.Барлық сыныптар жақсы дайындалып өз өнерлерін көрсете білді. Кеш тәрбие әдіс бірлестігінде өте жақсы деп бағаланды.
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналармен қыздары арасында сайыс өткізді.Сайыста аналары мен қыздары өз өнерлерін көрсетті,сұрақтарға жауап берді.Нәтижесінде 1-cыныптың анасы Жарманова А жеңіп алды.Жеңімпаздарды әділ-қазы алқасы сыйлықтармен марапаттады.
Достарыңызбен бөлісу: |