Тәрбие жұмысына төмендегідей мақсат пен міндеттері қойылды:
Мақсатымыз:
«Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтай білу, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Жан-жақты мәдениетті тұлға, талғамы биік, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.»
Міндеттері:
1.Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2. Азататтық патриоттық,құқықтық тәрбие.
3.Экологиялық тәрбие.
4. Рухани- адамгершілік тәрбие.
5. Эстетикалық тәрбие.
6. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру .
7. Интеллектуалды мәдениетті дамыту.
8.Кәсіби-шығармашылық тәрбие.
9.Отбасы тәрбиесі
10.Еңбек және экономикаылық тәрбие
11.Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру.
12.Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие бағыты бойынша
Наурыз айында аға тәлімгер «Көктем аруы» ән-би байқауын ұйымдастырды.Сайысқа жоғарғы сыныптың оқушылары қатысты.Топ жарған оқушылар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.
Ақпан айында көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқауға «Биші қайын» би тобын жетекшісі Абдильман З.А. ,«Қыздар-ай» ән тобын аға тәлімгер дайындады. Жақсы орындалған ән, билер мақтау қағазымен марапатталып, облыстық байқауға шақырылды,бұл үлкен жетістік.
Сонымен қатар оқушыларымыз наурыз мерекесінде облыстық кеден департаментіне барып концерт қойып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |