мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;
өзінің қасиетіне, арына және парызына;
ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;
өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет
ғұрпына;
діни құндылықтарға;
ой, сөз және іс бірлігіне;
өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;
ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;
түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне;
адамдарға риясыз қызмет етуіне;
өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім
білдіру.
Іске асыру механизмдері
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |