«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Дәріс 9 Даранды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі



бет21/42
Дата06.02.2022
өлшемі482,5 Kb.
#76610
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Дәріс 9 Даранды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі


Мақсаты: «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары туралы түсінік беру.
Даранды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесімен таныстыру.
Дәріс жоспары:

1 «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары.


2. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі

Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.


Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
оқуға деген қабілеттілік;
қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланы
Е.И.Власованың пікірінше, әлеуметтік дамыған тұлға, 2 түрлі қабілетке ие болады. Бір жағынан – психологиялық ерекшеліктер, олар, жалпы дарындылыққа қатысты ерекшеліктерден өзгеше (креативтілік, еңбексүйгіштік, ауқымды танымдық қызығушылықтар, табандылық, мақсатқойғыштық, үнемшілдік, қарапайым тиімді шешім қабылдаушылық,психикалық процестердің жылдам өтуі, дамыған интеллект). Бір жағынан – бұл, әлеуметтік дарынды тұлғада спецификалық тәжірибе негізінде, әр түрлі іс-әрекеттің социономикалық сипатынан, белсенді түрде пайда болатын қабілеттер. Бұл, әлеуметтік перцепция мен экспрессияға, просоциалды мінез-құлыққа, жоғары деңгейдегі дамыған әлеуметтік интеллект пен бақылай алу қабілеті. Тұлғалық құрылымда әлеуметтік дарынды индивидтің, әсіресе, өзге адам үшін, жанашырлық сезімі, өзге жанның эмоционалдық күйіне терең икемделе алу қабілеті өте күшті дамыған.

Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтыңерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.


Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа алса, «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарын оқыса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны – тұқым қуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген.
Жаңа буын оқулықтарын оқытуда мұғалім сабақты тақырып мазмұнына сәйкес әртүрлі формада құрып, оқушының білімі мен іскерлік қабілетін шыңдай түсуді қажет етеді. Ана тілі сабақтарында белгілі бір тақырып аясын кеңейтіп, туған тіліміз бен әдебиетімізді, ата тарихымызбен этнография, көркем өнер түрлері мен байланыстыра отырып, сол арқылы оқушыға жан-жақты икемді тәрбие берудің мүмкіндігі мол. Мысалы, 3 сыныпта ана тілінен «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесін өткізгенде бала санасына жететіндей түрлі проблемалық сұрақтар қоюға болады. Бұл сұрақтар оқушы ойын тереңнен қозғап, өз ойын ортаға салуға ұмтылдырады. А.Құнанбаевтың мына өлеңінен нені ұқтың?
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен қара жерге кірер денең, - деп неге айтқан? Оқушыларға осындай сұрақтар мен бірге деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады.
1-деңгейде жоғары ойлайтын балаларға: 1. Ш.Қалдаяқов кім? 2. Ш.Қалдаяқовтың әндерін ата? 3. Ән секілді аспанда қалықтайтын қандай құстарды білесің? 4. Аңыз арқылы сазгер нені меңзеп отыр.
2-деңгей оқушыларына: 1. Ақ құс пен қара құс суретін салу. Қарсы пікір айту. Мысалы, қара құс жақсы. Неге? Қара құсты жақтау.
3-деңгейге: (Мына сөйлемдерді дұрыс құра) 1. Жылап отыр, қара құс, екен, егіл-тегіл болып. 2. Қолыма, түссең, ант, аямаймын, енді, деп, берді.
Тағы да басқа түрлі осындай тапсырмалар барысында баланың шығармашылық, дарындылық қабілеттерін ашуға болады. Мысалы,
1. ға буыны арқылы: Барды бала қора + ға, Шықты атам дала + ға
Осындай буындар арқылы өлең шығартуға, құрастыруға болады. Мысалы, алма сөзінің ұйқасын табу: 1. Алма, алма. 2. Қалтаңа салма. 3. Соңымнан қалма.
4. Бұзық болма.
Бұл оқушылар бойындағы ақындық, дарындылыққа жол ашатын бірден-бір жол. Дәл осындай сабақтың әр кезеңінде түрлі шығармашылық жұмыстар көптеп жүрсе, оқушы белсенділігін арттырып, белестерге жетелейді.
Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда мұғалімнен талап етіп отыр. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезеңде бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жоба жұмысына қатысып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ бастауыш сынып оқушысы әрине, өз бетінше еш әрекет ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы, баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын білуге, ізденуге құштарлығын шыңдай түседі. Осы орайда «Өзіңді-өзің тани білмесең, өзгені тани алмайсың»,- дегендей өз сыныбымдағы Г.Сәруарованың «Мен туған өлкемді танимын» ғылыми жоба жұмысына тоқталғым келеді. Тақырыбы: «Аяулы да, ардақты асыл әжем» ( З.Жүсіпова туралы). Секциясы: «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Бұл ғылыми жоба жұмысы аудандық жоба қорғауда І-орынды иеленді. Әрине, мұндай мұғалім мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мектеп оқушысы өмір тарихы, еткен еңбегі бір энциклопедияға тұрарлық қарт ана, аяулы әженің жүріп кеткен жерін, еткен еңбегін, елге, халыққа паш етіп, үлгі өнеге етті. Бұның өзі зерттеу арқылы жеке тұлғаның қаншалықты өзіне ақпарат жинағанын, білгенін, көргенін, көкейде ұстау арқылы ел ішіндегі асыл қазынаны іздеп табу мен пара-пар болды.
Қорыта айтқанда, зерттеу жұмыстары арқылы жеке тұлғаны дарынды, талантты оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасты күшейтіп, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты жоғары ұстау қажет екенін түсіндік. Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы, оның мынау аумалы, төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы-маңайындағы адамдардың алдындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білуі. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болуы қажет. Сол кезде ғана мұғалім жан-жақты дамыған, дүниетанымы мол, еркін ойлы, өз пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыра алады.Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының жеке тұлға болып дамуына үнемі қамқорлық жасаған. «Адамның ақыл-ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады», – деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби. Біздің ойымызша сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмаларға қызыға қарайды, табыспен меңгере алады. Осындай жұмыстарды меңгергенде ғана бастауыш сынып оқушылары, жоғары сыныптарда білімді 90% дәрежеде өз бетімен ізденетін, пайдалыны көздей алатын, ой қазанын қайната алатын, шын мәніндегі шығармашылық дәрежеге көтеріле алатын дарынды шәкірт бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет