Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің ПӘні бойынша негізгі түсініктер



бет3/3
Дата03.12.2022
өлшемі28,5 Kb.
#161082
1   2   3
Байланысты:
глоссари

Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.

17.Адамның өзіндігі (индивидуальность)-адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғарғы саласы. Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мұраларын жасау турлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.

18.Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.

19.Адам тұласының бағыттылығыбелгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.

20,Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.

21.Ақылойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет