Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің ПӘні бойынша негізгі түсініктер



бет1/3
Дата03.12.2022
өлшемі28,5 Kb.
#161082
  1   2   3
Байланысты:
глоссари


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

(ГЛОССАРИЙ)
1.Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.

2.Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.

3.Тәрбие әсерінің дағдарысы – тәрбие әрекеттестігінде туындайтын мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарыс, орта дағдарыс, сөз дағдарыс, зат дағдарыс.

4.Тәрбие жүйесі – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.

5.Тәрбие процесінің қозғаушы күштері – тәрбиеші қажеттіліктерінің жаңаруы мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы шынайы қарама – қайшылықтар, оны тәлімгердің реттеу әрекеті.

6.Тәрбиедегі өзін-өзі басқару әдісі – тәрбие ұжымының жұмысқа қабілетті ұйытқысын құрұды қамтамасыз етіп, балалар белсенділігін арттыру.

7.Тәрбиелік сипаттағы шараларды тіркеу журналы – баланы тәрбиелеуге байланысты туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары, ұжым туралы толық мәлімет берілетін дәптер.

8.Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет