Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы


Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идея



бет7/9
Дата30.06.2020
өлшемі38,69 Kb.
#74726
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАЯНДАМА

2. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идея.

 Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. "Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін". ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық төрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты. Шетелдік жүйе тәрбиесінен өткен кеңестік жүйе көпшілігі - тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметі.



Жалпы тәрбие әдістері

Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік
Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) - бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.

Тәрбиелеу мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен, олардың күиі-қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйеие отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану — кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі.

Алайда, тәрбиенің жаңа әдісін жасауға көрінген тәрбиешінщ күші келе бермейтіні белгілі. Әдістерді жоғары деңгейге көтеру үнемі алға тартылатын міндет. Тәрбие процесінің жағдайына тура келетіндей, тәрбиеші өз күші мен мүмкіндігіне қарай жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, өз міндеттерін шеше алады.

Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет