Тәрбие процесінің мәні және оның сипаттамасы Педагогика өзінің атауын гректің «раіdаdodas»



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі27,77 Kb.
#130980
  1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие процесінің мәні және оның сипаттамасы


Тәрбие процесінің мәні және оның сипаттамасы
Педагогика өзінің атауын гректің «раіdаdodas»-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақгардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты , белглі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді, ұылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана – ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән-бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс – әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет