Тәрбие процесінің мәні және оның сипаттамасы Педагогика өзінің атауын гректің «раіdаdodas»



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі27,77 Kb.
#130980
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие процесінің мәні және оның сипаттамасы
ПЕДАГОГИКА ответы (2), Юорщ с картофелем (копия) 2, САБАК
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгәленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.

  • Тәрбие-біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.

  • Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс.Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді.

    Екіншіден тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбәр жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері ,дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды.
    Тәрбие— көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты .
    Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы
    Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпалы мен тұлғаның өзін – өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.
    Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс – әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.
    Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін – өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.
    Тәрбие процесі – де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет