Дайындаған: Тұрысбекова Ф. Тобы: 113-18а Қабылдаған: Аль-Фарабиқызы Ж.
Мақсаты: Студенттерге дара жарнақтылар класының құрылымдық ерекшеліктері, құртқашаштар тұқымдастарының құрылысы, систематикасы, жер бетіне таралуы туралы білім беру.
Жоспары:
1. Дара жарнақтылардың сипаттамасы.
2. Құртқашаштар тұқымдасы.
Дара жарнақтылар , лилиопсидтер (Мonocotyledones немесе Lіlіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады.
Дара жарнақтылардың қос жарақтылардан басты айырмасы бұлардың тұқым жарнағы бiреу болады.Тамыры шашақты немесе пиязшықты. Дара жарнақтылардың сабағының алғашқы құрылысы өсiмдiктiң тiршiлiгiнiң соңына дейiн сақталады. Сабақтың көлденең кесiндiсiнде өткiзгiш шоқтары ретсiз, шашыраңқы орналасады. Жапырақтары параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi
Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |