Өтіліп жатқан тапсырмалар бойынша лабораториялық жұмыстар
Лабораториялық жұмыстың мақсаты:
Лала тұқымдасының кеппешөп яғни гербарий түріндегі бейнесіне қарап оның қай гүлшоғырға ие екенін әрі,суретін сызба арқылы саламыз.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы:
Кеппешөп материалы жəне кестелерді
пайдалана отырып, гүл шоғыр түрлерін қарастыру, сипаттама беру, суреттерін
салу.күрделі жəне жай, анықталған жəне анықталмаған, аралас гүл шоғыры.
1. Гербарий экземплярына қарап, анықталмаған гүл шоғырының суретін сал: шашақ
гүл, масақ гүл, собық гүл, шатырша гүл /жай жəне күрделі/, шоқпарбас гүл, зəмбіл
гүл, қалқанша гүл, сыпыртқы гүл.
2. Анықталған гүл шоғырлары: себет гүлшоғыры
3. Гүл шоғырларының схемасын түрлерінің қатарына сызып қой.
Лабараториялық жұмыстың тақырыбы: Лала тұқымдасының кез-келген өкілінің гүлін алып оның құрылысын анықтау
Лабараториялық сабақтың мақсаты: Лала тұқымдасының гүлінің құрылысымен танысамыз.
Лабараториялық сабаққа қажетті құралдар: үлкейткіш яғни лупа, жарық зона яғни гүлдің құрылысын анықтау үшін жарық қажет, қысқыштар қажет
Лабараториялық сабақтың барысы: Кез-келген лала тұқымдасының өкілінің гүлін алып, оны қысқыштар арқылы бөліктерге бөлеміз. Яғни күлтесін тостағаншасынан, аталықтары мен аналықтарын бөліп алып санын анықтап,даптерге саны жазып суретін саламыз.
Лабараториялық сабақтың мақсаты:
Лала тұқымдасының туысының бірі жуаның көбеюін үйрену
Лабараториялық сабаққа қажетті құралдар:
Белгілі бір жуа туысы. Суы ,алаңқай
Лабараториялық сабақтың барысы: Белгілі бір лала тұқымдастың алдыңғы жылдық жемісін тұқымын алып, тыңайтылған дайын жерге тереңірек орналастырып, су құйып бақылаймыз .
Кері байланыс тапсырмалары
Бақылау сұрақтары:
1. Даражарнақтылардың жалпы құрылысы
2. құртқашаштар тұқымдасының таралуы мен құрылысы
3. лалагүлдер тұқымдасының ерекшеліктері
4.Даражарнақтылар мен көпжарнақтылардың айырмашылығы неде?
5.Жуа туысының таралуы мен құрылысы
6.Бәйшешек туысы жайлы не айта аламыз?
Өсімдік түрі
|
Ұқсастығы
|
Айырмашылығы
|
Бәйшешек туысы
| | |
Жуа туысы
| | |
Шиқылдақ туысы
| | |
Құртқашаш туысы
| | |
Кестені толтырыңыз. Астық немесе қоңырбастар және күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы туыстарының ұқсастық, айырмашылығын жазыңыз.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |