3деңгейлі смк құжаты поәк оәКҚ 042-14 01. 20. 01/03-2012 поәК



бет1/3
Дата13.08.2017
өлшемі0,5 Mb.
#23643
  1   2   3

3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-14.4.01.20.01/03-2012



ПОӘК

«Жеміс көкөніс шаруашылығы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



18.09.2010 ж. басылым орынына

№ 2 басылым

01.09.2012ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В080100 «Агрономия»

мамандығына арналған

«ЖЕМІС КӨКӨКНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ –2012


МАЗМҰНЫ




  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жоба және дипломдық жұмыс

  5. ОСӨЖ


Дәріс

Жеміс шаруашылығының биологиялық негіздері

Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік топтастыру

Өсімдіктердің 130-140 мыңнан асатын әр алуан түрлерінің ішінде жеміс және жидек дақылдарыныңі 1000-нан астам түрлері кездеседі. Қазақстанда 60-астам түрі өсірілсе, Қазақстанның солтүстігінде әуесқой бағбан шаруашылығын қоса есептегенде, 14 түр- алма, алмұрт, алхоры, қара қарақат, қарлыға, таңқурай, бүлдірген, қара жемісті шетен,ирга,кәдімгі шетен,долана, лимонник, ұшқат өсіріледі.

Ботаникалық жағынан жеміс өсімдіктері- 31 тұқымдастың өкілі, бірақ раушангүлділер мен тасжарғыштар тұқымдастарының өкілдері басымдылыққа ие.

Жеміс өсімдіктері төмендегі тұқымдастарға жатады:



  1. Банандар –мәдени банан; тәтті банан; ергежейлі немесе қытай бананы.

  2. Қайыңдар –кәдімгі орман жаңғағы, понтийлік, ірі.

  3. Баобабтар- кейіпсіз.

  4. Бөріқарақаттар –кәдімгі бөріқарақат.

  5. Бұршақтылар- цератония, мүйізді ағаш, цареградтық мүйізшелер.

  6. Шамшаттар- кәдімгі немесе тағамдық талшын, егістік, америкалық, аласа бойлы,жапондық, жұмсақ.

  7. Бромелиліктер-мәдени ананас.

  8. Итбүлдіргендер-итбүлдірген, мүкжидек, кәдімгі қаражидек, көкжидек.

  9. Аршалар- ұсақ жемісті қойбүлдірген немесе қызыл қойбүлдірген ағаш, ірі жемісті, менциза.

  10. Жүзімділер- еуропа –азиялық жүзім немесе еуропалық;амурлық немесе уссурийлық.

  11. Анарлар – кәдімгі анар.

  12. Диллиндіктер-қытайлық актиния, коломикта, өткір, көпнекелік.

  13. Ұшқаттар- тағамдық ұшқат, кәдімгі шәңгіш.

  14. Тасжарғыштар- қарақат(қызыл, ақ, кәдімгі немесе батыс еуропалық; тасты, қара, сібірлік, ақ гүлді жабайша немесе еуропалық, ине тәрізді, бурейндік,сәл тікенді, итмұрын тәрізді, миссурийлік, өткір тікенді.)

  15. Шайырлылар- мангустан.

  16. Қызылталдылар-нағыз қызыл тал немесе кәдімгі , еркек сәнтал; дәрілік немесе жапондық.

  17. Итжүзімдер- қытайлық унаби, қытай құрмасы, кәмпиттәк ағаш немесе жапондық жүзім ағаш.

  18. Лаврлықтар- авокадо америкалық, мексикандық.

  19. Жиделер- итшомыртты шырғанақ, бақ жидесі немесе пшот.

  20. Магнолилер- қытай лимоннигі немесе шизандра.

  21. Зәйтүндер- еуропалық немесе мәдени зәйтүн, кәдімгі зәйтүн ағашы, зәйтүн.

  22. Мирттар- фейхоа, эвгения.

  23. Сабындылар- қытайлық литчи, лонган, рамбутан.

  24. Жаңғақтылар- жаңғақ, пекан немесе гикорн.

  25. Папайялықтар- кәдімгі папайя, марстық кундина, бесбұрышты.

  26. Пальмалықтар- құрмалық пальма, ормандық құрма, ауытқыған құрма,какос пальмасы,майлы гвиней пальмасы.

  27. Раушангүлділер- алма(ормандық, шығыстық, жүзімдік, үйлік, шиежемісті, алхоры жапырақты,), орыстық, ірі жемісті, батыс еуропалық, аласа, дусен,түрікмендік, қырғыздық, Сиверстің парадизка, Недзведскидің); алмұрт; беже кәдімгі, кавказдық мушмула, шетен, қара жемісті арония; домалақ; жапырақты ирга немесе кәдімгі; қанды- қызыл долана; алхоры үйлік, тарпиған немесе алша; тікенекті немесе шомыр;талды немесе қытайлық; уссурийлік; шие түпті немесе домалақ, шиелік; кәдімгі, магелебтік немесе иісті, тасты, антпка, магалебтік, кучина, қара мойыл- антипка; киіздік немесе қытайлық; тәттішие немесе құстық шие; қара мойыл кәдімгі немесе шоқпарбасты; кәдімгі шабдалы; бадам, бүлдірген,еуропалық немесе хош иісті құлпынай; таңқурай кәдімгі немесе еуропалық қызыл; түкті немесе америкалық қызыл;қара немесе бөрткен тәрізді; қара қошқылды; бөрткен немесе қара бүлдірген көкшіл, аллегандық немесе таулық, Логанның алмалық итмұрындық; шығыстық мушмула, эриоботрия, локва; дәрілік лавр шие.

  28. Андыздылар- лимон, апельсин тәтті, ащы немесе бигардия, мандарин, грейпфрурт, цитрон, лайм, шелдок немесе помнельмус, юнос, Папеда ичанг,понцирус,кинкан.

  29. Сумахтар-пісте, манго,батыстық кежу.

  30. Тұттар- ақ жібек, қара немесе тұт, інжір немесе фиг ағашы, нан ағашы.

Эбендер- шығыс хурмасы, кавказдық, шығыстық, жапондықнемесе субтропикалық(тропикке жақын).

Жеміс өсімдіктерін ботаникалық белгілері және өсімдіктер жүйесіндегі орны негізінде жіктеу дәлірек саналады, оның артықшылығы, өсімдіктің жекелеген түрлерінің туыстық байланысын білдіретіндігінде. Ботаникалық жіктеу қолайсыздау, себебі ол басқа белгілерін ескермейді. Сондықтан іссаналық әрекеттерде кешенді белгілері бойынша өндірістік шаруашылық жіктеуді қолданады. Осы белгілер бойынша 7 топты ажыратады.



1

Шекілдеуіктілер

Алма, алмұрт, беже, кавказ мушмуласы, шетен,арония, ирга, долана

2

Сүйектілер

Алхоры, шие, тәттішие, қара мойыл, өрік,шабдалы, алша, шомырт










3

Жидектілер

Бүлдірген,құлпынай, қарақат, қарлыға, таңқурай, бөрткен,ұшқат, итбүлдірген, көкжидек, мүкжидек, қаражидек, жүзім, актинидия,дәрілік сермене, қызыл, шырғанақ, жиде,тұт, итмұрын, шәңгіш, бөріқарақат

4

Жаңғақтылар

Грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, талшын, пісте, пекан

5

Субтропиктілер

Зәйтүн, інжір, құрма, анар, фейхоз, унаби, авокадо

6

Цитрустылар

Лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут, цитрон, лайм, щеддок немесе помпельмус

7

Тропиктілер

Банан, ананас, манго, папайя, какос пальмасы, құрма және май какосы, эвгения, какао, дуриан, мангустан

Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі

Мыңдаған жылдар бұрын, жеміс және жидек өсімдіктерінің мәдени сұрыптары болмағанда, адамдар табиғатта өскен өсімдіктердің жемістері мен жидектерін пайдаланған. Бұл өсімдіктер жер шарының әр тұсында өседі. Табиғи жағдайдың өзгеруінің әсерімен олар жаңа қасиеттер мен белгілеріне ие бола отырып, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа түрлеріне және формаларына айналады. Мұндай өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары қазіргі кездің өзінде Еуропада, Азияда және әлемнің басқада елдерінде өсуде.

Табиғатта жабайы өсітін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы мәні өте зор; олар тамақ өнеркәсібіне шикізат, ағаш өңдейтін, тоқыма, лак-бояу өнеркәсібіне материалдар береді, өнімді сұрыптарды шығару үшін алғашқы формалары ретінде жиі қолданылуда; телітушілерді өсіруге қажетті жеміс өсімдіктерін алуға жарамды қөз болып табылады.

Өсімдіктердің жерлестірудің ғылыми негшізін алғашқы рет, өткен ғасырдың 20-жылдары академик Н.И.вавилов жасаған еді. Оның негізіне ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығыы туралы теориясын алған болатын. Бұл теория негізінде орталықтарда белгілі бір түрдің тектік әр алуандықтың мол саны жиналғандеген пайымдама алнынған.

Н.И.Вавилов, мәдени дақылдардың ең табиғи әр алуандылығы алғашқы немесе екінші орталықтарда болатынын дәлелдеді. Негізгі орталықтардан алынған материалдарда, селекциялық жұмыстар үшін ең қажетті –тұқымқуалаушылық өзгермелілік ерекше болады екен. Н.И.Вавилов жиналған өсімдіктердің топтамасының негізінде мәдени дақылдардың шығуы мен әр алуандылығының ботаникалық- географиялық орталықтарының теориясын жасады.

Мәдени дақылдардың, оның ішінде жемістілер мен жидектілердің орасан бай түрлері 12 орталыққа шоғырланған.

1.Қытай- жапон. Бұл жерден алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, актинидия, қытай құрмасы және т.б. тараған.

2.Индонезиялық- үндіқытайлық- цитрустылардың, бананның, нан ағашының, дурианның, мангустаның және т.б. отаны.

3.Австриялық- қытай актиндиясы, унаби. Бұл орталық аз зерттелген.

4.Үндістандық. Бұл жерден цитрустылардың кейбіреуі, кокос пальмасы, манго және т.б, таралған.

5.Ортаазиялық-өрік, пісте, бадам, алманың, алмұрттың, шиенің, алхорының жекелеген түрлері.

6.алдыңғы азиялық- алма, алмұрт, шие, соғды қараөрігі, орман жаңғағы, беке, қызыл, фундук, анар, үй алхорысы, т.б.

7.Жерорта теңіздік- зәйтүн, цератония, дәмжапырақ,т.б.

8.Африкалық-кофе,құрма пальмасы,май пальмасы.

9.Еуропалық –сібірлік- шырғанақ, қара каракат, алманың мәдени түрлері,шие, алмұрт және т.б.

10.Орталық америкалық- шоколад ағашы, авокадо, пекан және т.б.

11.Оңтүстік америка-ананас, қауын ағашы, фейхоа, бразилия жаңғағы.

12.Солтүстік америкалық-мүкжидек, қара таңқурай, қожақат, алхоры, қарлыға және т.б.

Қазақстанның солтүстігінде өсетін жеміс жә»не жидек өсімдіктері 5 орталықтан(Еуропа-сібірлік,Ортаазиялық,алдыңғы азиялық, Қытай- жапондық, Солтүстік америкалық) тараған.

Жеміс және жидек қсімдіктерінің шығу орталығын анықтау және олардың морфологиялық және биологиялық белгілері мен қасиеттерінің бекуіне мүмкіндік жасайтын жер жағдайын зерделеу теориялық және іссаналық қөзқарас жағынан өте маңызды. Түрдің шыққан ортасын, сондай-ақ, оның қасиеттері қалыптасқан жағдайларын біле отырып,оның ең басты биологиялық ерекшеліктері туралы жорамалдауға ,осыдан өсімдіктің өсуі мен дамуына қажетті себеп шарттарына да мүмкіндік туындайды. Мысалы, өріктің отаны –Орта және Алдыңғы Азия, Солтүстік Жерорта теңізі екенін біле отырып оның жылуға, жарыққа талап қоюын түсіндіру қиынға соқпайды, сонымен бірге құрғақшылыққа ең төзімді жемістік тұқымдық болып саналады. Шығу орталығында бұл дақылдың қазіргі сұрыптарында құрғақшылыққа шыдамдылығы және жылуға, жарықтың қарқындылығына талабы қалыптасқан. Жабайы түрінде бүлдірген Еуропаның, Сібірдің және Кіші Азияның шалғындары мен орман шеттерінде өседі. Қысқа төзімсіз, бірақ қар қалыңдығы 30-40см кем болмағанда Қазақстанның солтүстігінде, тіпті,-400С аязда да сақталады.



Дәріс

ҚИЯР – СUCUMIS SATIVUS

Қияр – ежелгі көкөністік өсімдіктік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулыт жерде орташа есеппен 16-20кг/м², ал 50-60кг/м² мүмкін өнімділік.

Қазақстанда қиярды шамамен 15 мың гектар жерде өсіреді. Негізгі егістік - Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Үй маңында барлық қияр егістігінің 77,8% орналасқан.

Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін -9-12 тәуліктік көк түйнегін – жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.

Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4% ақуыз, 1,5-3,7% қанттар, 10-15% С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8% су болады.

Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды. Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см, ал жан жағына 50 см тереңдейді. Сабағы төселеп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік осе алады. Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміәс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады.

Қияр - қысқа күннің өсімдігі . Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары - Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б. – 11-12 сағат күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары – Клинский, Многоплодный – 9-10 сағ қысқа күнде жемісті жақсы салады.

Қияр жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13ºС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10ºС төмен болса, олар шіриді (көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі.) Жылылық төмен болса, қиярдың өсуі тоқтайды, Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температурада жеміс салуына қолайсыз: 35ºС гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40ºС өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.



Сұрыптары. Қазақстанның солтүстігінде қиярдың негізінен ерте және орташа мерзімде пісетін сұрыптары өсіріледі.

Ашық жерге арналған сұрыптар. Вязниковский 37. Владимир облысының халықтық ежелгі сұрпы . Желі сабағының ұзындығы орташа, 70-100 см, бұтақтануы орташа. Жемістері – 9-12 см, салмағы - 90-129 г, сәл кітірлі, шырынды, хош иісті, жиі жас күйінде және тұздауға қолданылады. т.б.

Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы

Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қара шіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде қиярды ерте пісетін картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг , фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады.

Қиярды Қазақстанның солтүстігінде жағдайында өсіргенде биік сабақты өсімдіктерден, айталық жугеріден немесе күнбағыстан ықтырма себудің маңызы зор. Ықтырмалар қиярды суық желдерден қорғайды, көк түйнек өнімі артады, оларды бір апта ерте жинауға болады және қорғаулы жермен салыстырғанда жинау екі аптаға кешірек аякталады. Қияр топырақтың ылғалдылығын қатты талап етеді. Бірінші рет оны өскін пайда болғанша суарады, сосын 6-7 тәуліктен кейін қайталайды. Егер суару жаңбырлатқыш қондырғылармен атқарылса гектарына 250-300 м³, ал қарықпен суарылса 400-500 м³ су береді. Көк түйнектерді жаппай жинаған кезде суаруды жиірек, әрбір 3-4 тәулікте, бірақ аз мөлшермен – 70-100 м³/г суарады. Ауа райына байланысты қиярдың өсу даму кезеңінде 10-15 рет суарады. Құрғақ ыстық кезеңдерде сергіте суландырудың (негізгі суландырулармен уйлестіре) әсері өте зор (30-35 м³/га). Қиярды уақытында жинау оның өнімділігін және тауарлық сапасын арттырады. Пісуінің басында жинауды 2-3 тәулік сайын, ал жаппай піскен кезінде күнде немесе бір тәуліктен соң жинайды.

Қиярды кәсек және пленка астында өсіру. Өнімді ертерек алу үшін қиярды кәсек немесе жарық өткізетін пленка астында өсіреді. Кейбір шаруашылықтарда ерте пісетін қиярды булыжай кәсегімен немесе жеңіл ағаш қаңқаларды пленкамен жауып, салқын жүйектерде өсіреді. Жүйектер биоотынсыз, күн көзінен жылынады. Жамылғы астындағы қияр үсікке шалынбайды, ашық жерге қарағанда, 25-30 тәулік ерте жеміс салады және жоғары бағамен сатылатындықтан, пленка астында өсірілген қиярдың экономикалық тиімділігі жеткілікті мөлшерде жоғары болады. Қиярды ерте және жоғары өнім алу үшін шірінділі –топырақты құмыраларда 20-30 тәулік өсірілген көшеттерді отырғызуға болады. Отырғызуды жамылғының дәл ортасына 2 қатар етіп жүргізеді. Қолмен отырғызғанда қатараралық 15-20 см болады.

Жылыжай топырағын алғашқы дайындағанда әрбір шаршы метріне 20-30 кг толық шірімеген көң енгізеді. Көңді шашқаннан кейін топырақты қайтадан жыртады, терең қопсытады және талдауға алады. Агрохимиялық талдауға сәйкес, негізгі өңдеу кезінде минералды тынайтқыштар енгізіледі. Қияр өнімі көшеттің отырғызу мерзіміне көптен көп тәуелді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің тәжірибелерінде көшетті тұрақты орнына 5 қаңтарда отырғызғанда бір шаршы метрден 15,0 кг өнім, 10 қаңтарда – 14,6 және 20 қаңтарда отырғызғанда 12,1 кг өнім жиналған. Пленкалы жылыжайларда қияр – негізгі дақыл. Дұрысы – тәуліктік температура өзгерістеріне және ауруларға төзімді гетозисті будандар мен партенокарптық сұрыптарды өсіру. Клин сортотипінің сұрыптары пленкалы жылыжайларға жарамайды: ұзақ күнде және жарықтану жағдайы жақсы болса, олар күшті бұтақтанады және көптеген бүйірлік өркендер береді. Тұқымды себуге дайындау қысқы жылыжайларға дайындағандай. Қиярды өсіру ерекшеліктеріне тұқымы мен көшетін шынықтыру жатады, себебі пленкалы жылыжайларда температура режимін қалыптастыру және тұрақты түрде ұстап тұру қиын.

Булыжайларда қиярды көшетпен өсіргенде өнімді мамыр айының басында жинауға болады. Булыжайларды өсіру үшін өнімді, саңырауқұлақ ауруларына төзімді Неросимый 40 сұрпын пайдалануға болады. Булыжайға қиярдың көшеттерін екі кезеңде: орташа булыжайларға бірінші дақыл ретінде сәуір айының басында, жылыжайда өсірілген 30-35 тәуліктік көшеттер, екігншісін – жапырақты көкөністерді жинағаннан және ерте пісетін қызанақ көшеттерін іріктеп алғаннан кейін отырғызуға болады.

Қияр айқас тозаңданатын өсімдік болғандықтан тұқымдық танаптарын өндірістік плантациялардан ашық жерде 1000м, қорғаулы жерде 500 м қашықтықта орналастырады. Шаруашылықта бір сұрыптың болғаны дұрыс. Тұқым егістіктерде 3 рет сұрыптық тазарту жүргізеді: біріншісін-негізгі сұрыппен тозаңдануы болдырмас үшін гүлдеу алдыңда барлық сұрыптық қоспаларды аластайды: екіншісін-дерттілерін және типтес емес, сондай-ақ түйінінің пішіні, гүлі және т.б. белгілері бойынша негізгі сұрыпқа сәйкес келмейтіндерді аластау үшін түйнек байланар алдында; үшіншісін – тұқымдықтары жаппай пайда болғанда жүргізеді.



Дәріс

Қиярды булыжайларда өсіру

Булыжайларда қиярды көшетпен өсіргенде өнімді мамыр айының басында жинауға болады. Булыжайларда өсіру үшін өнімді, саңырауқұлақ ауруларына төзімді Неросимый 40 сұрпын пайдалануға болады.

Булыжайға қиярдың көшеттерін екі кезеңде: орташа булыжайларға бірінші дақыл ретінде сәуір айының басында, жылыжайда өсірілген 30-35 тәуліктік көшеттер, екншісін-жапырақты көкөністерді жинағаннан және ерте пісетін қызанақ көшеттерін іріктеп алғаннан кейін отырғызуға болады.Қиярды бірінші дақыл ретінде өсіргенде булыжайлардаыстық қимен толтырып, ортасына ені25-30 см және тереңдігі 15см ұя жасап оған шымды топырақты немесе топырақ пен қарашірінді қоспасын (2:1) төгеді және 1 кәсекке30 г аммиак селитрасын, 15 г суперфосфат және 15 г хлорлы калий қосылады. Булыжайдың қалған алаңындағы көңге ескі жылыжай топырағын 8-10 см қалыңдықпен төгеді. Ерте пісетін орамжапырақ пен қызанақтың көшеттерін іріктеп алғаннан кейін топырағын үстіңгі бөренеге қарай жылжытып тағы да тереңдігі 20-25 см ұя жасап, оған жаңа грунт төгеді, ең дұрысы, минералды тыңайтқыш қосылған шымды топырақта көлденең атыздар жасап әр кәсеккеұзын желілі сұрыптың 8-10 өсімдігін отырғызады. Көшеттердің құмыраларынбулыжайдың ортасына қарай, сабағын жарнағының ортасына дейін топырақпен жаба, көлбеу отырғызады (мұндай сабақтан қосалқы тамырлар пайда болады), жылы сумен суарадыжәне булыжайдың кәсектерін бойралармен 1-2 қабат етіп жабады.

Үстіңгі бөрене бойымен жиілетткіш дақылдарды себеді немесе отырғызады: солтүстік бөрене тұсына пиязды жапыраққа, оңтүстіктегі бөрене бойына- шалғам, сүтшөп.

Булыжайдағы температураны шуақ күндері 20-250С, бұлтты күндері- 20-250С, жеміс салғанша түнде – 16-180С, жемістенгенде -18-200С маңайында ұстйды. Булыжайдағы, әсіресе, алғашқы күндері, желге қарама- қарсы жағындағы кәсектерді 4-5 м ашып, саңылауларына бойраларды көлеңкелеп, орташа желдетеді, 18-200С дейін жылытылған сумен 3-4 тәлік аралатып суарады. Гүлдеудің басында суаруды тоқтатады: топырақтың дегділенуі аналық гүлдердің пайда болуын күшейтеді және олардың ұрықтануын жақсартады. Жеміс салған кезде суару жиі және мол сумен атқарылуы қажет.

Әлсіз өсімдіктерге «булану» жасайды: шуақты күні алдын ала дегдіткеннен кейін жақсылап суарады және кәсектерін тығыздап жабады. Орта есеппен 1,5 сағаттан кейін температура 350С жеткенде және өсімдік сәл ғане сола бастағанда булыжайды ептеп желдетеді. « Булану»жапырақтың және жаңа желілердің өсуін күшейтеді.

Әрбір 8-10 тәулікте өсімдікті: гүлдеуге дейін органикалық тыңайтқыштарымен (қатты ашытылған және сұйытылған қи садырасы немесе құс саңғырығы), ал жеміс салған кезеңінде- минералды тыңайтышпен (10 л суға 20 г аммиак селитрасы, 50 г суперфосфат және 20 г хлорлы калий) үстеп қоректіндіреді. Бір кәсекке- бір шелек ерітінді. Үстеп қоректендіргеннен кейін өсімдіктің үстіндегі ерітіндіні шаю үшін оны таза сумен суарады.

Бүйірлік өркендердің және аналық гүлдердің қалыптасуын тездету үшін, 3-5 жапырақ пайда болғаннан кейін өсімдікті шырпиды. Сосын бүірлік өркендерді үстіңгі бөренеге қарай жаяды, бекітеді және топырақпен бүркемелейді. Осы жерлерде тамыр қалыптасады да өсімдіктің қоректенуін жақсартады. Гүлдерді ерте көктемде, ең дұрысы, қолмен тозаңдандыру. Ол үшін аталық гүлді жұлып алады, оның күлтелерін алып тастайды және тозаңқапты аналық аузына ептеп тигізіп, 2-3аналық гүлді тозаңдайды.

Техникалық жылудағы булыжайларда көмір қышқыл газбен үстеп қоректендіруді таңертең және түс ауа жүргізеді: тәулігіне бір кәсекке 2-3 г газ шығындайды.

Қиярды жүйелі түрде, ал жаппай жеміс салған кезеңде- күнде жинайды. Жиі жинау- кейінгі жемістердің жетілуін жеделдетеді. Көк түйнекті жеміс сағағымен бірге кесіп алу, оны ұзағырақ сақтауға мумкіндік береді.

Жаңақияр ұзақ сақталынбайды. Төмен температураның өзінде жеміс тыныс алуға қантын тез шығындайды да, дәмдік сапасын төмендететін қышқыл жинайды және клетчатка құрады.

Салқындатылған қоймаларда 0-ден 10С жылылықта және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 950С қиярды бір апта және одан да ұзағырақ сақтауға болады.



Топырақ грунтағы өсімдіктің қоректік жүйесі

Қорғаулы грунттағы көкөніс шаруашылығының өзекті мәселелерінің бірі- өсімдіктің минералды қоректенуі.

Қорғаулы грунт жағдайында көкөніс дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесі негізі қолданудан және өсімдіктің өсіп-даму кезеңінде үстеп қоректенуден тұрады. Негізі қолданыста органикалық және минералды тыңайтқыштар ( азотты тыңайтқыштан басқалары) енгізіледі. Жылқы, ірі қара мал, қой көндерін, қорданы 1шаршы метрге 20-25кг мөлшерінде шашады.

Өсу-даму кезеңінде өсімдікті үстеп қоректендіреді.Органикалық тыңайтқыштарды негізгі енгізгенде көп мөлшерде қолданса, үстеп қоректендіруге тек минералды тыңайтқыштар қолданылады. Органикалық заттармен ( сиыр қиының әртүрлі деңгейдегі езіндісі) үстеп қоректендіру тиімділік корсете бермейдй. Суда жеңіл еритін және тез әсер ететін тыңайтқыштар қолданылады: аммиак және калий селитрасын, күкірт қышқылды магнийді, күкірт қышқылды калийді, кальций селитрасын қолданады. Үстеп қоректендіруді 7-13 күн сайын қайталайды.

Топырақ грунтында қоректік заттар мол болғанда үстеп қоректендіруді қолданбайды.

Өсімдіктерге үстеп қоректендірудің қажеттілігін анықтау үшін айына бір рет грунтқа талдау жүргізеді. Талдау аралығында үстеп қоректендіруді соңғы талдауға сүйеніп және өсімдіктің жағдайына ьайланысты қолданады.



Дәріс

Қызанақ өсіру

  1. Қызанақ биологияқ ерекшелігі

  2. Қызанақ сұрыптары

  3. Қызанақты өсіру технологиясы


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет