Қызанақ-жылу сүйгіш өсімдік.Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-250С, түнде-12-150С. Температура 150С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 100С өсуін тоқтатады, ал-1,50С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 330С –қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 350С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-300С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 110С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 80С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.
СҰРЫПТАРЫ. Қызанақ сұрыптары өсу даму кезеңдерінің ұзақтығы бойынша тез пісетіндер (өскін пайда болғаннан жемісін бірінші рет жинағанша 110-115 тәулік), орташа мерзімде пісетіндер (115-120 тәулік) және кеш пісетіндер (125-130 тәулік) болып бөлінеді. Қазақстанның Солтүстігінде аязсыз кезеңнің қысқалығына байланысты тек тез пісетін және жекелеген жағдайларда орташа мерзімде пісетін сұрыптар өсіріледі.
Ашық жерге арналған сұрыптар.
Агата. БОӨШҒЗИ-Н қырым селенкция стансасында шығарылған. Ерте пісетін, салаттық сұрып. Өсінді кезеңі- 110 күндей. Детерминантты, биіктігі 45 см, байлауды және өгей бұтақсыздандыруды тілемейді. Жемістері жайпақ- домалақша тегіс. Тасымалдылығы өте жоғары. Жемісінің салмағы 80-110 г. Жемісін бір мезгілде байлайтындығымен ерекшеленеді.
Доходный.Беларуссжеміс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, картоп шаруашылығы ҒЗИ-де шығарылған. Жемістерінің бір мезгілде пісетіндігімен ерекшеленеді. Ерте піседі. Өсімді кезеңі 100-103 тәулік. Дитерминантты, жапырақтануы орташа, биіктігі 13-34 см, шашақ гүлі қарапайым, жинақы, 4 және одан да көп жемісті сұрып.
Пламя. Қазақ ККШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі, өскін болғаннан жемісінің пісуі басталғанша- 100-108 тәулік дитерминантты жапырақтануы орташа өсімдік. Гүл шоғыры қарапайым және аралық. Алғашқы гүл шоғыры 6-7 жапырақ үстінен пайда болады, кейінгілері 1-2 жапырақтан кейін жемістері алғоры пішіндес тегіс, ашық реңді, өте берік, қызыл құрғақ зат мөлшері жоғары.
Персей. Принестр АШҒЗИ – да шығарылған. Тез пісетін өскін рпайда болғаннан жеміс салуының басталғанынша 90 күн қажет. Аласа бойлы сүңгекті өсімджік. Жемістің массасы 100 грамм, ашық қызғылт түсті, сәл түкті сүйкімді емдәмді. Бір түптің өнімділігі 2,5 кг.
Самаладай. Қазақ ККШ ҒЗИ – да шығарылған. Орташа мезгілде пісетін (102-114 тәулік), дитерминантты, жапырақтануы орташа жартылай аумақты өсімдік. Гүл шоғыры аралық борпаң. Бірінші гүл шоғыры 8 жапырақтан кейін бойланады, кейінгілері 1-2 күннен кейін. Жемісі алғоры пішіндес, қызыл, негізінде сәл қырлы, жарылуға берік, салмағы 78-84 г. Қызуға төзімді, жемістьері өсімдікте жетілген күйінде 20-25 күн сақталады. Дәмдік сапасы жоғары. Жас күйінде, консервілеп, өңдеп пайдалануға болады. Механизм күшімен өсіруге және жемісін бір мезгілде жинап алуға жарамды.
Сибирский скороспелый. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Дитерминантты негізгі сабағының биіктігі 50-54 см, орташа бұтақтанатын, мол жапырқты өсімдік. Жапырақтар ірі тілімділігі әлсіз, тегіс, күңгірт- жасыл, жемістері жайпақ- домалақ, тегіс, қызыл 60-100 г. Дәмдік сапасы жақсы. Жемістерінің жақсы және бір мезгілде пісуімен бағаланатын сұрып.
Московский осенний. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған. Бойшаң, қуатты, жапырақтануы орташа және жоғары өсімдік. Жемісі жайпақ домалақша және домалақ, тегіс және сәл қырлы, орташа көлемд. Пісіп жетілмеген жемісі жасыл, жеміс сағағында қоңыр немесе сәл дақты, пісіп жетілгені-қызыл. Жемісіндегі қағанағы дұрыс орналасқан, саны 3-5. Жеміс байланғаннан пісуіне дейін 109-126 тәулік. Жапырақтары қоңыр дақта төзімді.
Ревермун (Е1). Голландық, қысқы жылыжайлар үшін шығарылған сұрып. Бойшаң өсімдік. Жемістенуге 125-130 тәулікте кіріседі. Қысқы – көктемгі айналымдағы өнімділіг 10-13 кг/м2 Бурыл даққа төзімді.
Собето (Е1). Голландық.Өскіннен алғашқы жемісін жинағанша-121-127 тәулік. Жемістері домалақ, орташа шамада, массасы 67-78 г. Жас жемістерінң дәмдік сапасы -5 ұпай. Тауарлық өнімділігі-10-16 кг/м2.
Верлиока (Ғ1). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе сатансасында шығарылған. Детерминантты, тез пісетін, жемісін қолайсыз жағдайда да сала алтын, ауруларға кешенді төзімділікке ие будан. Жемістенуі өскін пайда болғаннан 103-110 күн өткен соң жүреді. Жемістенуінің бірінші айындағы өнімі 7-8 кг/м2.
Сольвейг (Ғ1). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағыкөкөніс тәжірибе сатансасында шығарылған. Бойшаң, орташа мерзімнен ерте піседі, жемісінің орташа масссасы 120-150 г. Өнімділігі 7-8 кг/м2. Жас күйінде пайдаланады.
Сюжет (Ғ1). Приднестер АШҒЗИ-да шығарыллған. Күзгі-қысқы айналымды жоғары өнім береді. Ерте піседі. (85-94 тәулік), массасы 95-100 г. Фитофторозға және микроспорозға төзімділігі орташа. Өнімділігі 15-17 кг/м2.
Көктемдік пленкалы жылыжайларға арналған сұрып
Виса(Е1). Эстонияда шығарылған, тез пісетін будан. Өсінді кезені өскін пайда болғаннан алғашқы жиын-терінге дейін-92-98 тәулік.Қуатты, орташа бұтақтанатын өсімдік.
Дәріс
Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және оның құрлыстарын жіктеу
Қорғаулы жер –маусымнан тыс уақытта көкеніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатын, өсімдіктерге қолайлы жасанды микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі. Қорғаулы жер көкеніс шаруашылығыфн солтүстікке және шығысқа жақындатуға мүмкіндік жасайды, өсірілетін көкеніс дақылдарының түрлерін көбейтуге, халықты жыл бойы жас көкеніспен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмектеседі.
Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай және жылытылған жер болып бөлінеді. Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкеніс өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып, жас көкеністі жыл бойы өсіруге болады.
Жылыжайлар
Жылыжайлар- ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік тіршілігінің барлық себепшарттарын, сондай-ақ өнімділікті де реттеуге болады.жылыжайдағы еңбек- өнеркәсіптік өндірістің бір түрі. Пайдалану және құрлысын салу бойынша жылыжайларды: міндетті, пайдалану ұзақтығы. Өсіру технологиясы, жарық өткізгіш қоршау түрі, қоршауының пішін үйлесімі, жылыту тәсілі сияқты алты топқа бөледі.
Міндеті бойынша жылыжайлар көкеністік, көшеттік және гүлзар болып бөлінеді. Көкеністік жылыжайларда тауарлық қөкеністер, көшеттіктерде- ашық және қорғаулы жерлер үшін көшеттер өсіріледі.
Пайдалану ұзақтығы бойынша жылыжайлар қысқы және көктемдік болып бөлінеді. Қысқы жылыжайда жыл бойы көкеніс және көшет өсіріледі, көктемдікті- ерте көктемнен қоңыр күзге дейін пайдаланады.
Өсіру технологиясы бойынша сөрелі, сөресіз, фитотрондар және қозықұйрық өсіретін болып бөлінеді. Сөрелі жылыжайлар, көбінесе көшеттер өсіруге пайдаланады.
Гидропонды жылыжайларда өсімдіктерді қоректік ертінділер құйылған су өтпейтін бетонды астауларда өсіреді.
Фитотрондар- қоршаған орта себепшарттарының өсімдікке әсерін зерттеу үшін жасанды жағдайларды реттейтін қондырғылар. Қозықұйрық өсіргішжай-жылыжайлардың қозықұйрық өсіруге бейімделген түрі.
Қозықұйрық өсіру үшін әртүрлі құрылыстар: ұңғармалар, үңгірмелер,кеніштер, сондай-ақ жертөле, ескі ғимараттар, жылыжайлар пайдаланады.
Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері бойынша шыныланған, пленкамен және қатты полимерлі жадығаттармен жабылған болып бөлінеді.қысқы жылыжайлар шыныланады да, көктемдіктер шынылы да пленкалы болуы керек.
Күн сәулесі жылыжайдың ішіне өтіп топыраққа, өсімдікке қабырғаға және басқада жерлерге түседі, оларды қыздырып жылуға айналады, сосын шыны арқылы кері сыртқа шыға алмайды да , жылыжайдың температурасын көтереді. Бұл құбылысты булыжай немесе жылыжай әсері дейді.
Қоршаудың пішін үйлесуі бойынша жылыжайлар ангарлы және топтамалы болады, көлденең қиығының пішіні бойынша сыңар жақты және екі жақты құламалы, тегіс және цилиндрлері, оңтүстікке бағытталынған ққламалы болып бөлінеді. Ангарлы жылыжайларда тіреулер болмайды.
Блокты жылыжайлардың ангарлы жылыжайлардан артықшылығы: қоршау коэффициентінің аздығы, бағасының және отын шығынының 15-18 пайызға төменірегі, құрылысты салу 30-35 пайызға арзанырақ.
Жылыжайдың басқа да құрылымдары бар:аспалы, ауалық, биіктік-конвейерлік. Ванттық жылыжайлардың пленкалары жылыжайдың екі жағындағы бағаналарға тартылған тросқа байланысты, үрмелердің пленкасы үнемі ауаның қысымымен ұсталынып тұрады.
Көкеніс дақылдарын белгілі бір кезеңде өсіргенде, өсімдіктерге қажетті жылу режимін қалыптастырып үшін соңғы жылдары жылжымалы жылыжайларға қызығушылық туындауда. Жылыжайды рельс бойымен лебедкамен немесе қолмен, сондай-ақ рельс бойымен роликтің қөмегімен қозғайды. Көбінесе жылжымалы жылыжайларды көп жылдық көкеніс дақылдарының –қояншөптің , рауғаштың, қымыздықтың, шалғамның және т.б. жеміс салуын тездету үшін пайдаланады. Күзде, оларды жинап алғаннан кейін жылыжайды көрші телімге жылжытып, кеш пісетін дақылдарды өсіруге пайдаланады.
Тұрғын үйлердің және өнеркәсіп ғимараттарының төбесіне жылыжай салу, аталынған орындардың қалған жылуын және жерді тиімді пайдалануға мүмкіншіліктер жасауда.
Жылыжайлар жылыту тәсілі бойынша күнкөзілік, биологиялық және техникалық жылудағы болуы мүмкін.
Дәріс
Ж ылытылмайтын жылы жер
Салқын көшеттік жүйек-кәдімгі бақшалыұ жүйектер,түнде және кенеттен салқындағанда ,жиналмалы жабулармен жабылады.Салқын көшеттік жүйекте қорап болмайды.
Салқын көшеттік –ұзындығы еркінше,ені1,6 м,ағаштан жасалған қорап Қораптың үстіне әр жерден сырғауыл салынады немесе тор жайылып,оның үстіне жабу жабады.Мұгдай көшеттіктер тегіс жерге немесе жүйектерге орналастырылады .
Кішігірім көлемді пленкалы құрылыстарды тегіс бетке немесе жүйектерге жасалынады.Олар қаңқасыз,туннель және шатыр тәрізді типтерге бөлінеді.
Қаңқасыз тасалар (паналар) үшін топырақ бетіне жолақтап атжалдар жасайды,тұқым сепкен кезде арнаулы айла-бұйыммен пленканы жазып,шетін топырқпен басады.Ауа райы жылып (сепкеннен немесе отырғызғаннан 20-30 күн өткен соң).өсімдіктің өсуіне пленка кедергі жасай бастағанда,оны жинап алады.Мұндай паналар өскіннің 10-15 тәулік бұрын пайда болуына,бір жылдық дақылдардың өнімнің ертерек алынуын және көпжылдықтардың өркендерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Тунельді паналардың көлденең қиығы доға пішіндес шатыр тәріздісінікі-екі итарқалы жылыжай сияқты келеді.
Жылытылатын жылы жер
Биологиялық жылумен (отынмен) жылытылатын жылы жер.Топырақты жылыту үшін өзінен-өзі қыза бастаған көңді топырақ қабатына көмеді.Ондай көң көктемнің салқын ауасына көптеп бу шығарады,осыдан булы жүйек,жал үйінді және ор (шұңқұр) деген түсініктер тараған.
Булы үйінді-биіктігі 25-30 см ,диаметрі 45-50 см ыстық қи үйіндісін,бүйірлерінен және үстінен құнарлы топырақтың 15-20 см қабатымен жабады.
Булы ордың булы үйіндіден айырмашылығы,мұнда көң топырақ үстіне емес,белгілі бір шамадағы орларға салынады.Ордың ортасын ала,кішкентай шұңқыршықтарға тұқым себіледі немесе көшет отырғызылады.
Булы жалдарды(қырқаларды) жасағанда күзде қатараралықтарының нақ ортасынан 0,7-0,9 м атыздар тілінеді.Ерте көктемде атыздарды ыстық көңмен толтырып,іле топырақпен жабады.Булы жалдарды жөндеген кезде тырнауышпен жалдың бетінен 6-80см тереңдікте атыз жасайды,содан кейін тұқым себіледі немесе көшет отырғызылады.
Булы жүйекті жасағанда, күзде ені50-70 см тереңдігі 20-25 см ұзынша ор қазылады.Ерте көктемде оған қалыңдығы 20 см етіп көң төгіп үстін топырақпен жабады.
Жарық өткізгіш жабуы кәсекті немесе перделі,шынылы немесе пленкалы болуы мүмкін.Жылытылуы бойынша булыжайлар биологиялық,күн көзілік және техникалық жылуды пайдаланатын болып бөлінеді.Жылда пайдалана бастау уақытына байланысты ерте(жылы),орташа(жартылай жылы) және кеш пайдаланатын булыжайлар болады.
Сыңар құламалы булыжайлардан қолданыс тапқаны шұңқырдан ,қораптан,кәсектен және бойрадан тұратын орыстық тереңдетілген булыжай.
Шұңқыр-жерден қазылған ұзынша ор.Биологиялық отынды (су немесе электр ылытқыштарды өткізуге) және қоректік қабатты (булыжай төсемін)толтыруға арналған.
Булыжайдың қорабы кәсектерінің орнықты және тығыз тұруы үшін керек.Ол шұңқыр қабырғасының жоғарғы бөлігін бұзылудан және топырағын сусылдап төгілуден қорғайды.Қораптың ұзын жақтарын ұзына бойылық байлам бөренесі (парубені),ал қысқа жақтарын булыжайдың шеті(торец) немесе бас жағы дейді..Қорапты (орамды) ағаштан ,кірпіштен,темір бетоннан жасайды.Булыжай күн сәулесімен жақсырақ қыздырылуы үшін булыжайдың солтүстік жағын (парубенін )оңтүстікке қарағанда,15 см биіктеу етіп жасайды.
Булыжайдың кәсектері өсімдіктерді төмен тмпературадан ,жалден және қардан қорғайды,сонымен бірге өсімдіктерге жарықтың түскуіне кедергі жасамайды.Булыжайдың кәсектері ағаштан жасалынады.Оның ұзындығы 160 см,ені 106 см .
Булыжай бойралары кәсектерді түнде және салқын күндері жабуға қолданылады.Көкөніс шаруашылығы тәжірибесінде кең қолданыс тапқандары –асбаннан немесе қамыстан көлемі 1,6х2,4 мғқалыңдығы 6 см,салмағы 4,5-5,5 кг етіп жасалынған бойралар.Ең жақсы бойра мылжаланбаған ,масақсыз қара бидай сабанынан жасалынады.Бойраларды қолмен немесе өнімділігі 60 м2 МВМ-250 машинасымен жасайды .Жазда кептірілгеннен кейін бойраларды шиыршықтап бүктеп қалқан астында сақтайды.Бойраларды тышқаннан қорғай үшін оларды улы заттармен өңдейді..
Дәріс
ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТІРШІЛІГІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕП ШАРТТАР
Жарық режимі
Жылу режимі
Ауа-газ режимі
Су режимі
Жарық – жасыл өсімдіктердің органикалық заттарды (фотосинтез) қалыптастыруына қажет жағдай. Жарықтың ең басты және негізгі көзі – күн. Өсімдік үшін жарық сәулесінің ұзындығы 300-ден 400 нм мәні зор. Қысқа толқынды (ҚТ – 300-400нм) және ұзын толқыны (ҰТ – 400нм) жылу радияциясын ажыратады.
Өсімдіктер үшін негізгі саналатын қысқа толқынды радияцияның шегінде ультракүлгінді (толқын ұзындығы 400 нм кем), физиологиялық (350-400 нм), оның ішінде фотосинтез жолын анықтайтын ФБР (380-710 нм) ажыратады. Түзілудің ультракүлгінді бөлігі айтарлықтай деңгейде С дәруменнің жиналуын, өсімдіктің суыққа төзімділігін және өсу сипатын анықтайды.
Күн сәулесі өсімдікке тік және шашыраңқы, тік сәуле өсімдікке параллель, негізінен сыртқы жапырақтарға және нағыз тал түсте түседі.
Тік және шашыраңқы радияцияның арақатынасы географиялық орынның еніне, бұлттылыққа байланысты болады және тәулңк бойы өзгеріп отырады. Қыста шашыраңқы сәуле басым келеді. Көктемгі күн сәулесіндеұзын толқын, жаз күніне қарағанда, басымырақ болады. Таңертең және кешке қарай қызыл сәуле моаядыжәне күлгін сәуле мен ФБР (фотосинтетикалық белсенді радияция) саны азаяды. Бір өлшем уақытта жазықтыққа тік( перпендикулярлы) келіп түсетін күн қуатының ағымын радиация пәрменділігі немесе сәулелену дейді және Дж/см².мин.,немесе Вт/см²белгілейді.
Жеміс өсімдіктерінің дерлік бәрі жарық сүйгіштер, жарық жеткіліксіз болса өнімділіктерін нашарлатады.
Өсімдіктің жарықтың жеткіліксіздігіне реакциясы көптеген жағдайларға: түрлік және сұрыптық қасиеттеріне, өсіндікезеңіне, жекелеген мүшелері мен бөліктеріне, кешенге қатысатын басқа да жағдайларға және т.б. байланысты болады. Мысалы, тәттішие ағашы өте жарық сүйгіш, ал актинидия болса – көлеңкеге шыдамды өсімдік. Өсімдіктің гүдену кезеңінде жарыққа талабы, бүршік ату кезеңі мен (табиғи тыныштық кезеңін айтпағанда) салыстырғанда өте жоғары. Бір өсімдіктің репродуктиві мүшелері, өсінділерге қарағанда жарыққа жоғары талап қояды.
Өсімдіктің өсуі және өнім қалыптастыруы жарықтанумен бірге күннің ұзақтығына да байланысты. Өсімдіктің күн мен түннің ауысуына реакциясын фотопериодизм деп атайды. Жеміс ағаштарын қатаң қысқа немесе ұзақ күннің өсімдіктеріне жатқызуға жемісшілердің негізі болмаса да, өсімдіктердің өсінді кезеңіндегі жарықтанудың ұзақтығы олардың өсуіне және дамуына елеулі әсер етеді. Мысалы, өрік пен грек жаңғағы нағыз Оңтүстік дақыл болғанымен, Санк – Петербургтің қысқа күнінде қосымша жарықтандырғанда ойдағыдай (табысты) өсе алады. Филогенездері солтүстік ендікте өткен қарақат, қарлыға, мүкжидек ТМД елдерінің ортаңғы алқабында ойдағыдай дамиды.
Жеміс өсімдіктерінің жазғы даму айналымында жарыққа деген талабы бірдей емес. Айталық, жаздың алғашқы жартысындағы ұзақ күн бүлдіргеннің мұртшаларының пайда болуына (ынталандырса) ықпал етсе, жаздың екінші жартысында күннің ұзақтығы кемігенде, гүл мүшелерінің қалыптасу үрдісі басталады.
Жеміс өсімдіктерініңішінде пісте,зәйтүн, шабдалы, өрік, құрма пальмасы жарық сүйгіштер тобына жатады. Алма, алмұрт, тәтті шие, грек жаңғағы жарыққа шамалылау талап қояды. Қарақат, қаражидек, көкжидек жарық жеткіліксіз боғанда да, өсе алады. Өсее келе ағаштар мен бұталар жарық сүйгіш келеді. Өсімдіктердің көлеңкеге төзімділігі оңтүстікке, жарық сүйгіштігі солтүстікке қарай ауытқығанда арта түседі.
Бақтарда жарық режимін отырғызу жиілігін, бөрікбас пішінін және кесу деңгйі мен бұтақтың енкіштігін, содай – ақ жер бедерінің әртүрлі әуелілері мен отырғызу кезінде қатардың бағытын таңдау арқылы реттеуге болады. Қорғаулы жерлерде (жылы – жайжа, әйнекжайда), тұқымбақтың егіс жалдарында немесе селекциялық егістіктердің кішігірім телімдерінде жарық ағынын жарым – жартылай басқаруға күннің ұзақтығын қысқартуға немесе ұзартуға, көлеңкелеу немесе қосымша жасанды жарықтандыру көмегімен табиғи жарықтануды күшейту немесе әлсіздендіруге болады.
Жылу режимі
Жеміс өсімдіктерінің барлық өсу және даму үдерісі айналаның беогілі бір температурасының режимінде өтеді. Өсу – даму кезеңіндегі жылудың жеткіліктігін, белсенді температура жиынтығы бойынша жорамалдауға болады, ол өсімдіктің немесе сұрыптың талабына сай болуға тиіс. Қазақстанда өсірілетін жеміс - жидек дақылдарының басым бөлігіне белсенді температура болып 8,5 – 10 °С саналады. Фенологиялық кезеңнін басым бөлігі (гүлдеу, жемісінің өсуі, өркендеуінің жетілуі) үшін 15°С жоғары температура қажет.
Жылу жетпегенде жеміс өсімдіктерінің дамуы ұзарады, ағаш сүрегі жетіліп үлгермейді де, олар күзгі және ерте қысқы теріс температураға шынығу сатысынан толық өте алмайды, нәтижесінде қысқа төзімділігі күрт төмендейді. Сондай – ақ жемісі пісіп үлгермеуі мүмкін.
Жылу тым мол болғанда (қоңыржай аймақтың жеміс дақылдары үшін 30 – 35 °С жоғары) бүкіл тіршілік үдерістері бұзылады, ал одан да жоғары болғанда ағаштарда, жапырақтарда және жемістерде күйік пайда болады; жемістерінің өсуі және пісуі біркелкі болмайды; қабығының түсі және жемістерінің дәмі нашарлайдығ олардың сақталғыштығы төмендейді. Жиі жемістердің жинауға дейін шашылуы және жеміс өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдануы, ауруларға шалдығуы арта түседі. Температураның 55°С жоғары болуы өсімдіктердің опат болуына жетелейді. Алманың жазғы сұрыптарына жемісінің пісуі үшін 10°С жоғары температураның 1900°С қысқы сұрыптарына - 2200°С, күзгі – қысқыларына - 2300°С жиынтығы қажет.
Жеміс өсімдіктерінің жылуға ең талап қоятындарына субтропикалық дақылдар жатады. Олардың өсуі үшін 15°С жоғары 180 – 200 тәуліктік өсінді кезең қажет. Жаздық жылудың кемуіне қарай жаңғақтылар мен оңтүстік жеміс дақылдары: шабдалы, өрік, беже болып орналасады. Талабы төменділерге алма, алмұрт, алхоры, шие, жидектілер – таңқурай, қарақат жатады. Жаздық жылуға талабы сұрпына да байланысты келеді. Мысалы, алма мен алмұрттың қысқы сұрыптарына 15°С жоғары температура, 115 – 125 тәулік, ал жазғы сұрыптарына сәйкесінше – 80-90 тәулік қажет.
Жеміс өсімдіктерінің аязға ең әлсіз мүшесі – тамыры. Мысалы, орталық аймақтағы алмалардың мүшелері – 38-40°С дейінгі аязға шыдаса, ормандық алманың телітушісісінің тамыры – 13-14°С зақымданады. Тәтті шиенікі – 11-12, шиенікі – 14-15, қарлығанікі - 18°Сзақымданады. Тамырлардың үсуі аязы ұзақ және қары аз қыстарды байқалады. Тамырлардың зақымдануы жиі қарсыз күзде, температура – 20-30°С төмендегенде байқалады. Осы кезеңде ағаштың айналасын көңмен, сабанмен және ағаш үгіндісімен жабындау(қымталау) тамыр жүйесін үсіктен жақсы сақтайды.
Жеміс – жидек өсімдіктерінің дамуының барлық кезеңдерінен өтуіне жоғары агротехникалық жағдай жасау, олардың қысқа төзімділігін арттырады. Орман қорғау жолақтары жеміс өсімдіктерінің қыстап шығуын едәуір жақсартады.
Бақ салу орнын дұрыс таңдау, тектер мен сұрыптарды таңдап алу, Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығы үшін өте маңызды рөл атқарады.
Ауа-газ режимі
Өсімдіктің тіршілік әрекетіне оттегінің, көмір қышқыл газдың және азоттың тікелей қатысы бар. Атмосфера ауасындағы олардың мөлшері 21; 0,03 және 78 % -ға сәйкес келеді.
Оттегі өсімдіктің тыныс алуына, әсіресе тамырларына және түұым өнгенде қажет. Оттегі өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақтарына, сабақтарына, тамырларына) еркін жететін болуы керек. Тамыр мен микроағзалардың бірқалыпты тіршілігі үшін топырақ ауасындағы оттегі мөлшері 10 % - дан кем болмағаны дұрыс. Топырақтың ауалануының төмендеуіне шие, өрік, шабдалы, бадам ерекше сезімтал келеді.
Ашық жерлерде ауаның топыраққа келуі жиі шектеледі де, өніп келе жатқан тұқымның және тамырдың тыныс алуын қиындатады. Ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты қопсытады, сонда тамырдың тыныс алуына мүмкіндік береді және бактериялардың тіршілік әрекеті күшейіп , топырақтан көмір қышқыл газының бөлінуі арта түседі.
Биологиялық жылытудағы өсіргіш жайларда оттегі микроағзалармен пәрменді пайдаланылатындықтан, өсімдіктерде оттегі тапшылығы байқалуы мүмкін. Ауа- газ режимін жақсарту үшін өсіргіш жайларды желдетеді. Желдетумен бір мезгілде ауа-газ және жылу режимі ғана емес, топырақ-ауа ылғалдылығы да реттеледі.
Көмір қышқыл газды (СО2), фотосинтез үдерісінде органикалық заттардықұрастыру үшін өсімдіктер жапырақтарымен ауадан сіңіреді. Өсімдіктер үшін жеткілікті жарықтануда және температурада көмір қышқыл газының ауадағы оңтайлы мөлшері 0,15-0,30 % - ға тең. Осындайда фотосинтездің пәрменділігі және өсімдік өнімділігінің артуы байқалады. СО2 мөлшері 0,01 % тең болғанда ассимиляция тоқталады. Топырақтағы СО2 (1 % артық) молаюы тамыр мен тұқым үшін, әсіресе, төмен температурада және ауаның келуі нашарлағанда, зиянды. Оттегіні молайту және СО2 азайту үшін, топырақты уақытында қопсытады.
Өсімдікті көмір қышқыл газымен қосымша қоректендіргенде, олардың өсуі және дамуы жақсарады, жапырақтарының саны артады, олар ірілене түседі, жеміс салуы жеделдейді, өнімі көбейеді. Өсімдіктер ауруларға және зиянкестерге төзімділікке ие болады. Топырақ үстілік ауадығы көмір қышқыл газының концентрациясын көң енгізгізіп немесе көңді жабынды ретінде қолданып және басқа да органикалық заттардың тапырақта ыдырауынан бөлініп шыққан көмір қышқыл газымен арттыруға болады.
Ауаның азоты – инертті газ. Ол жеміс өсімдіктерінің өніміне әсер етпейді, бірақ оның болуы топырақтағы және бұршақ тұқымдастарының түйнектеріндегі пайдалы микрофлораның іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Ауаның ылғалдылығының да маңызы зор. Жаздағы ыстық жел ағаштың өсуін әлсіретеді, өнімі және жемістің сапасын төмендетеді, ал жас бақтарда тым құрғаудың нәтижесінде өсімдіктердің қурауы жиіленеді. Қыста қатты желде ағаштар аяздан зақымдануы мүмкін. Ауа тым ылғалды болғанда әртүрлі саңырауқұлақ аурулары тезірек дамиды.
Ауа режимін баққа орын таңдаумен және әртүрлі құрылымды бақ қоршаған ағаштар отырғызумен реттейді.
Жеміс шаруашылығында ауадағы зиянды газдардың:күкірт газының, күкірт ангидридінің, хлордың, қорғасынның бар-жоғын ескеру керек. Бұлар үлкен қалалар маңайындағы, өндіріс және жол бойындағы ауада көбірек жиналады. Зақымға ұшыраған өсімдіктер өсуін тоқтатады, буынаралықтары қысқа келеді, жапырақтары тым каққы болады және төмен иіліп (эпинастия) тұрады. Зиянды заттардың концерогенді және радиобелсенді бөлшектері жеміске өтеді және адам денсаулығына зиян келтіріледі. Мұндай жерлерде бақты және жидектікті салуға болмайды. Бақ қорғайтын жолақтардың және бақтағы бөрікбас үстінен тұрақты жаңбырлатқыш қондырғылардың болуы қала мен өндіріс орындарының лас ауаусынан қоғағыш болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |