Жауаптары Әлеуметтік білім беру ортасы: анықтамасы, әлеуметтік орта субъектілері, дамудың маңызы мен мүмкіндіктері. Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуға (кәсіптік қызметке) психологиялық дайындық ұғымы



бет1/4
Дата11.05.2022
өлшемі19,51 Kb.
#142665
  1   2   3   4
Байланысты:
инклюзив емтихан жауптары


Жауаптары


9. Әлеуметтік білім беру ортасы: анықтамасы, әлеуметтік орта субъектілері, дамудың маңызы мен мүмкіндіктері. Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуға (кәсіптік қызметке) психологиялық дайындық ұғымы.
Білім беру ортасын түсіндіру үшін, бізге аталған феномен ұғымының мәнін ашу қажет. «Орта» ұғымының кең қолданылуына қарамастан, оның ғылым әлеміндегі дәл және біржақты анықтамасы жоқ. Жалпы мағынасында, «орта» ұғымы «қоршаған орта» ретінде түсіндіріледі.
Орта теориясы Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастарында ерекше орын алады, оның ойынша, «Жаратушының қолынан шыққанда бәрі керемет, барлығы адамның қолында бұзылады». Руссо ортаны тұлғаның өзін-өзі оңтайлы дамытуының жағдайы ретінде қарастырғандардың бірі болды. Оның пікірінше, әрбір тұлғаның шынайы мүмкіндіктері мен табиғи қажеттіліктері арасындағы тепе-теңдікті құратын, ерекше дамытушы орта құрылған кезде, тәрбие жүйесі тиімді болады. Мұндай ортада тұлға дайын білімді алмайды, ол білімді өзі өндіріп шығаруды тірі табиғатқа бақылау жасау арқылы және өзіндік тәжірибе негізінде үйренеді. Мұнда Руссо бойынша, тұлға дамуының негізгі қайнар көзі ретінде, білімнің кеңдігі, ауқымдылығы алынбайды, мұнда білімді өз бетімен қолдану білігі алынады. Мұндай арнайы құрылған ортада «табиғатқа сәйкестік» тәрбиесімен дамыған тұлғаның қасиеттері, оған өзінің ішкі еркіндігін сақтауға, жалған сенімдерден және қоғамдағы адасушылықтан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді.
Педагогикада және психологияда «орта» термині алғаш рет 20-жылдары пайда болды, бұл кезде «орта педагогикасы» (С.Т.Щацкий), «баланың қоғамдық ортасы» (П.П.Блонский), «қоршаған орта» (А.С.Макаренко) ұғымдары жеткілікті жиі қолданылатын еді.
Психологиялық контексте, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б. пікірлері бойынша, білім беру ортасы – бұл дамыта оқыту жүзеге асырылатын белгілі бір дәрежедегі реттелген, білім беру кеңістігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет