Жауаптары Әлеуметтік білім беру ортасы: анықтамасы, әлеуметтік орта субъектілері, дамудың маңызы мен мүмкіндіктері. Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуға (кәсіптік қызметке) психологиялық дайындық ұғымы


Психодидактикалық білім беру ортасы жалпы білім беретін мектеп жағдайында ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділік факторы ретінде



бет2/4
Дата11.05.2022
өлшемі19,51 Kb.
#142665
1   2   3   4
Байланысты:
инклюзив емтихан жауптары
Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, инклюзив37-40
10. Психодидактикалық білім беру ортасы жалпы білім беретін мектеп жағдайында ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділік факторы ретінде.
Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ, мұнан дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік орта) фактор шығады. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметті құбылыс болып табылады». (Л.С.Выготский).
Психиканың тарихи-мәдени қалыптасу теориясында Л.С.Выготский кез-келген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретініне баса назар аударады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу, қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік білім беру жүйесін қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды. Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды интеграциялау туралы ұсыныстар және интеграциялық оқыту практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру мекемелерінің жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім) кластар мен логопункттер.
Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық
педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен оқу сабақтарының оқушыларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммунакабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар барлық пәндер арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет