Жауаптары Әлеуметтік білім беру ортасы: анықтамасы, әлеуметтік орта субъектілері, дамудың маңызы мен мүмкіндіктері. Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуға (кәсіптік қызметке) психологиялық дайындық ұғымы


Оқушылардан оқуда қиындық туғызатын себептер топтары (ЭЫДҰ, ҚР нормативтік базасы)



бет4/4
Дата11.05.2022
өлшемі19,51 Kb.
#142665
1   2   3   4
Байланысты:
инклюзив емтихан жауптары
Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, инклюзив37-40
12. Оқушылардан оқуда қиындық туғызатын себептер топтары (ЭЫДҰ, ҚР нормативтік базасы)

Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар. Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, ұстаздардың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым - қатысына байланысты екені анықталды.Кейбір оқушылар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы, тұйық қалыпқа түседі.


Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
> Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
> Отбасында , мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
«Қиын» оқушылардың өскен ортасының , отбасының жай - күйін талдағанда , кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып отыр. Әдетте , ата - аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата - аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі , балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет