Тәрбие сабағының тақырыбы: «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»



Дата02.07.2018
өлшемі59 Kb.
#45849
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 Қазанбасы орта мектебі»

мемлекеттік мекеме



Тәрбие сабағының тақырыбы:

«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым».


Өткізген алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы Брахметов М.Е

Октябрь ауылы

2016-2017 оқу жылы



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым».
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне арналған Ауған соғысы ардагері Ишпанов Анасағанмен кездесу.
Тәрбие сағатының мақсаты
Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру.
Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: ауған ардагерлеріңің өмірі, суреті жазылған презентация
Кездесу кештің барысы:
1 - жүргізуші: Газизов Даулет
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар

11 сыныбының ұйымдастыруымен болып отырған «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» атты Ауған соғысы ардагері Ишпанов Анасағанмен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!


Алғашқы сөз кезегін мектеп директорына береміз.
2-жүргізуші: Копжасарова Алима
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1 - жүргізуші: Газизов Даулет
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып,оның 1-і хабарсыз кетті,ал 14- сол соғыста қаза тапты.

Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:


Еске алу

Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант

Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.
Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. 
2-жүргізуші: Копжасарова Алима
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныстырайық.
(Қонақпен таныстыру) Ишпанов Ансаған Хамитұлы.

1 - жүргізуші: Газизов Даулет
- Сіздердің құрметтеріңізге ән. «Туған жер» Қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Копжасарова Алима
КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында былтыр «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.

1 - жүргізуші: Газизов Даулет
Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз.

Мектебіміздің оқушылары дайындаған әдеби монтажға кезек береміз:


Өлеңдер: (Мәнерлеп оқу). Оқитын Сапарова Дильназ

Ауғаныстанда интернационалдық борышын өтеу кезіндеқаза тапқан.

Қызыл Жұлдыз орденді Қазанбасылық жігіт Ербол Нұрғалиевке арналады.

Ұмытылмас ер есімі

Ежелден Қазақстан жері байтақ,

Кернеді бойды шабыт сезім шайқап.

Еркелеп ақын ұлын келіп қалды,

Армысың, қасиетті Қарақалпақ

Түсінер халқым сөздің астарында,

Не дерсің болған жайға қас-қағымда

Мәңгілік алау от боп тұрып қалды-ау,

Ерболдың Ауғаныстан аспанында.

Шын жүйрік қызған сайын тереңдейді,

«Қызыл-гүл, жігіттерін ерен» дейді,

Қол соқса, батырына Қазанбасы,

Жол тосып, Қарақалпақ елеңдейді.

Адымын ақын еркін аша алмай жүр,

Халқына маржан жырыншаша алмайжүр.

Аяулы Үкібастай қайран ана,

Өксігін әлі күнгебаса алмай жүр.

Күлкісі тегенегетола алмай жүр,

Ұл-қызы Ерболындай бола алмай жүр.

Құрт-майын ірімшігін сақтағанмен,

Ұланы ұясына оралмай жүр.

Қазақта орын алған батыр төрден,

Түсті, - деп қамықпашы алтын теңгем.

Халқымның қасиетінен айналайын,

Мектепке ұланының атын берген.

Мұнайдым, көкіректе жыр түледі,

Әманда тыныштық қой ел тілегі.

Жанарған жәудіреген жас толғанда,

Жұбатты шәкірттердің күлкілері.

Абай Қажи

Оқитын Бекмагамбетова Айдана

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер 


Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

Оқитын Рахметова Айгерим

Баласы батыр туғаннан


Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан
Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді

Оқитын Агубаева Гульден

Атойлап шапқан батырлар


Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар - ұятпенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол 
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

2-жүргізуші: Копжасарова Алима
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Ендігі сөз кезегі алып бәйтерек, ауылымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының ардагерлеріне беріледі:
Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар ,олай болса кезекті оқушыларға берейік:
Оқушылардың сұрағы:
- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
Қадыр Мырзалиев. «Елге деген махаббат» 
Төлеген Берішбай. «Туған жер» 

1 - жүргізуші: Газизов Даулет
Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

2-жүргізуші: Копжасарова Алима
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

1 - жүргізуші: Газизов Даулет
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2-жүргізуші: Копжасарова Алима
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Ән. « Жаса қазағым».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет