Тәрбие сағат тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент»
1 желтоқсан -Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
! 1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
11-оқушы: 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға: “Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!” Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл. Ермек Өтетілеуұлы.
12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Ән: “Астана – бас қала”
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады)
15-оқушы: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік!
16-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
17-оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»
Елін сүйген елі сүйген ел басы
1- Желтоқсан Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы;
Елін сүйген, елі сүйген ел басы.
Әнұран орындалады.
І Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.
ІІ Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар.
І Жүргізуші: 1- Желтоқсан Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы.» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
ІІ Жүргізуші: Қазір слайдқа назар аударайық.
Ортада слайд бойынша мәлімет айтады.
Данияр: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
Алишер: 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
Малика: 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
С.Мадина: 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
Айғаным: 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.
ІІ Жүргізуші: Мейрамбекова Мадинаның орындауында
әнді тамашалалаңыздар.
І Жүргізуші:Өлең оқиды.
ІІ Жүргізуші:Тағы да слайдқа назар аударайық.
Ортада слайд бойынша мәлімет айтады.
Гүлжан: 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
Диана: 1991ж 16 желтоқсан ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.
Арыстанбек: 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.1992ж.
Бекзат: 4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.
Бахтияр: 12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты. 1993ж.
Ақбибі: 1998ж 20 қазан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.
Әділет: Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың
“ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты. 1998ж.
«Аққулар» биі орындалады.
ІІ Жүргізуші : өлең оқиды.
І Жүргізуші: Ары қарай слайдқа назар аударайық.
Дильназ: 10 қантар ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.
1998ж.
Ерасыл: 10 қазан Астанда Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қазымдастықты (ЕурАзЭҚ) қуру туралы мәлімдеме және шартқа қол қайды. 2000ж.
М.Мадина: 12 желтоқсан – Астанда ЕҚЫҰ саммиті 2010 ж .
Дияс: Елбасы жолдауы: Қазақстан халқының әлауқатын арттыру.
Астана, Акорда, 27 қаңтар 2011 жыл .
І Жүргізуші: Сайлаубаева Мадинаның орындауында ән тамашалаңыздар.
ІІ Жүргізуші:Назарбаев туралы жақсы сөздер айтады.
І Жүргізуші: Осымен тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!
ІІ Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
Сынып сағат тақырыбы: Біздің сүйікті – Елбасы
Мақсаты:
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер саясатының мектеп өміріндегі, бақытты балалық шақ пен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ашу, бастауыш сынып оқушыларына Елбасы жайлы ақпарат бере отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
(1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптарында шығарма конкурсын жариялайды).
Әнұран орындалады.
І Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.
ІІ Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар.
Хормен: Құтты болсын,Президент күні!
І Жүргізуші: 1- Желтоқсан Президент күніне арналған «Біздің сүйікті – Елбасы» атты тәрбие- шығарма сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
ІІ Жүргізуші: Қазір біздің сынып оқушылары кішкене мәліметтер айта кеткенді жөн көріп отыр. Соған назар аударайық.
Видео-слайд жүріп тұрады.
Дарын Ракишев:
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
Берікбол Берікбай:
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
Дакимова Малика: 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
Дильназ Тойшыбекова:
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
Бағдатова Аделя:
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.
І Жүргізуші:
Елімде бейбіт тыныш заман болсың,
Тілеймің әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!.
ІІ Жүргізуші:
Тағы да видео -слайдқа назар аударайық.
Әр сынып үздік шығармаларын оқиды.
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
(2А,2Ә,2Б,3А,3Ә,3Б сыныптар)
Айнұр Болат:
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
Мейырманқызы Диана:
1991ж 16 желтоқсан ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.
Берікбол Елдос:
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.1992ж.
Абишев Бекзат:
4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.
Нақыпбек Рауана:
12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты. 1993ж.
Ғалымұлы Аян:
1998ж 20 қазан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.
Сейфуллина Нұргүл:
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың
“ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты. 1998ж.
4 «Б» сынып оқушыларының биі орындалады.
Боранбаев Ерасыл:
10 қантар ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.
Абжанов Бексұлтан:
10 қазан Астанда Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қазымдастықты (ЕурАзЭҚ) қуру туралы мәлімдеме және шартқа қол қайды. 2000ж.
Дильназ: 12 желтоқсан – Астанда ЕҚЫҰ саммиті 2010 ж .
Аделя: Елбасы жолдауы: Қазақстан халқының әлауқатын арттыру.
Астана, Акорда, 27 қаңтар 2011 жыл .
І Жүргізуші: Ән
Ендігі сөз кезегі жас тілшілерге:
Видео- сұхбат.
4 «А» сынып- «Елбасының жастық шағы» атты сұхбатын тындайық!
4 «Ә» сынып – Елбасының білімге арналған қанатты сөздеріне тоқталып,сол ойларын видео арқылы жеткізу.
4 «Б» сынып – Жас бүлдіршіндердің лебізін елге жеткізу.
Ендігі сөз кезегі: Мектебіміздің директоры Гүлден Кенбайқызы Әби сол кісіге сөз беріледі.
І Жүргізуші: Осымен тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!
ІІ Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
Тақырыбы: Халық тандаған Президент
Мақсаты: а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, жүрек шар, сандар.
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
І. Мұғалімнің сөзі:
Мұғалім: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайаткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Дана:
|
|
|
Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!
|
ІІ. «Сандар сөйлейді»
6 9 1989 1990 1991 3 1
6 – 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
9 – 9 жыл. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1989 – 1989-1991 жылдары Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы.
1990 – 1990 жылдың сәуірінен — Қазақстан Республикасының президенті.
1991 – 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.
3 – 3 қызы бар. Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады, Әлия – бизнеспен айналысады.
1 - Бірінші президент
ІІІ. Президент өмірбаянынан мағлұмат.
Мұғалімнің сөзі: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.
Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.Соның бірі «Елбасы жолы» фильмытуралы. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға былтыр шықты. Оны сендер тамашаладыңдар. «Темір тау» және «Отты өзен» атты бөлімдері қазір қатар түсіріліп жатыр.
(видео көрсету)
Айгерім:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Самғар:
Ел тірегі- қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
ІҮ. Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.
Балалар қағаздың артында Елбасымыздың нақыл сөздері жазылған. Бір-бірлеп алып мағынасын түсіндіреміз.
«Жақсыдан бақ қалады»
«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»
«Тәрбие ошағы – мектеп»
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»
«Бiз үйренетін ұлттанүйреттетін ұлтқа айналуымыз керек»
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні. (Әндерді тыңдату.)
Ерланбек:
Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.
Асемхан:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Ү.Шын жүректен
- Балалар, сендер білесіңдер биылдан бастап 1-желтоқсан «Президент күні» болып қабылданды. Қазір тақтаға шығып, жүрек шарды қолымызға алып, Елбасымызға шын жүректен лебізімізді білдіреміз.
Айтжамал:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтайды төрімнен!
ҮІ. Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Мұғалімнің сөзі: Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.
(Сабақты Қазақстан Республикасының Әнұранымен аяқтау)
«1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» атты сынып сағат
«1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»
атты сынып сағат
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұрұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ , әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
1.Әнұран ( тұрып айту)
2.Бірінші желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Осы күні, яғни 1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Нұрсылтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Нұрсылтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы.
1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Өткен жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойда айтылған-ды. Осы бастаманы үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекіді.
3.Оқушылармен ойын ойнау 2 топқа бөлініп: «СВОЯ ИГРА»
1 ТОП: БӘЙТЕРЕК 2 ТОП: АҚ ОРДА
4. МАРАПАТТАУ
Ел ертеңін ойлаған Елбасы
Категориясы: Тәрбие сағаты
Арал көпсалалы колледжінің №68 оқу тобында өткізілген ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ел ертеңін ойлаған Елбасы
Мақсаты:
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, тәрбие сағатының тақырыбы.
Барысы:
- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Осыған орай лицей бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылса, біз де өз тобымызда «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. /№1 слайд/
- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? /Өйткені
1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады./
- Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп, түсіндіремін.
Балалық шағы./№4 слайд/
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Жұмысшы Нұрсұлтан /№5 слайд/
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Президенттің саяси өмірбаянының бастауы /№6 слайд/
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
«Жылдар сөйлейді» айдарымен викториналық сұрақтарға жауап беріледі. /№7 слайд/ Экранда көрсетілген жылға сәйкес Республика өміріне байланысты фактілерді еске түсіріңіздер.
• 1991 /№8 слайд/
1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. /№9 слайд/
• 1991 жылдың 16 желтоқсаны. /№10 слайд/
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. /№11 слайд/
• 1992 жыл 4 маусым/№12 слайд/
1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. /№13 слайд/
• 1993 жылы 15 қараша/№14 слайд/
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. /№15 слайд/
• 1995 жыл 28 қаңтар /№16 слайд/
1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды./№17 слайд/
• 1997 жыл
• 1998 жыл 10 маусым /№18 слайд/
Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. /Астана көріністері/ /№19 слайд/
• 2006 жыл 7 қаңтар /№22 слайд/
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. /№23 слайд/
Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.
Әні Шәмші Қалдаяқовтікі, 1956 жыл. /№24 слайд/
Оқушы өлең жолдарын жатқа айтады.
• Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
- Мына кестеден Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президент болып сайланған және өкілеттігін ұзартқан мерзімдерін көріп отырсыздар.
*1991жылы 1 желтоқсанда дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
*1995 ж. сәуірдің 29 - да жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
* 1999 жылы қаңтардың 10 - да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
* 2005 ж. желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. /№26 слайд/
• Ғылыми атақтары /№27 слайд/
Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Басқа лауазымдары мен мансаптары /№28 слайд/
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ-нің бас төрағасы
• Отбасылық жағдайы /№29 слайд/
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; /№30 слайд/
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; /№31 слайд/
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. /№32 слайд/
- Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі, - деп 21 жыл ішінде елімізде болған жақсы істерге шолуды қорытындылаймын.
Төле бидің сөзі
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар. /№35 слайд/
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,- деп тәрбие сағатының соңғы бөлігінде
«Көк тудың желбірегені» әні тыңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |