Шолақаша орта мектебі
Тәрбие сағаты
(0 - 4сыныптар аралығында)
«Арайлап атқан алтын күз»
кешінің концерттік
бағдарламасы
Өткізген: Бекенова А.Д
2011 жыл.
«Арайлап атқан алтын күз» кешінің концерттік бағдарламасы
Шалқытып бұл кеште ән салайық,
Өнерпаз оқушыларға тамсанайық.
Биімен,ән-күймен таңғалдырып
Өнерпаздарды қарсы алайық.
Ән саламыз, би билеп
Тақпақты да айтамыз
Көңілдіміз күлеміз
Әріптерді білеміз.
1.Мектепалды даярлық тобы ,1-Сынып оқушылары- күз туралы жаттау
Алуан дыбыс шығарып
Оркестірден шалқиды үн,
Білегіміз мың бұралып,
«Қаражорға» биін билейміз.
2.Би- «Қаражорға» ,мектепалды тобының тәрбиеленушілері
3.Ән -«Ойыншықтар»,орн.Амина Талғатқызы.Аружан Бекқызы.
4.Ән-«Әрқашан күн сөнбесін». Орын. 1-сынып оқушылары
5.Би «Ертегі әлемі» биші 1- сын.оқу.Аружан Бекқызы
Жарасады бөркіме,
Үкілерім үлпілдеп.
Ел қарайды көркіме,
-Неткен әсем,шіркін!- деп.
6.Ән -«Аяулым» орын. 2- сынып оқушылары Алина Қанатқызы, Арман Рахатұлы
7. Би «Респект биі», «Жігіттер » тобы 5 сынып оқушылары
Аппақ көйлек киемін,
Қос етегін бүрмелеп.
Кестелеген көйлекпен
Мың бұралып би билеп.
8.Би – « Айгөлек» тобының бишілері 3-сынып оқушылары
9,Ән «Бір тілек»- орын. 4 -сынып оқушысы Диляра Болатқызы
Камзол кием қынай бел,
Толған ою,өрнекке.
Бейлесіндеп сұрайды ел,
Өнерімді көрмекке.
10. Би- «Шығыс биі» 2 сынып оқушысы Гүлназ Азаматқызы
11.Ән- «Махаббат жалыны» орын.5- сынып оқушысы Айгерім Елтайқызы
12.Би 3 сынып оқушылары
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
13.,Би –«Қаражорға» 4-сынып бишілер тобы.
14.Ән- «Армандастар» орын. 3-сынып оқушылары.
Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
15.Би- Қазақ биі «Шоқ жұлдыздар» бишілер тобы 5- сынып
16.Би- «Шығыс биі» 3 сынып бишілер тобы.
Әлде май құймақпа?
Көже ме, сорпа ма?
Әлде бал, қаймақпа?
Тарады ортада.
Тәп-тәтті тамағы
Анам-ас маманы.
Пісіре білгенге,
Астың жоқ маманы.
17. Ата – аналар сайысы 2,3,4 сыныптың
18. Дастарханға бата – береді 4 сынып Әлихан Азаматұлы.
19.Осыдан киін күзгі киім сән үлгісі(мода) - 2,3,4,5 сыныптары
20.Барлық оқушылар мен ұстаздар «Қазағым менің» әнімен аяқтаймыз.
21. Мақтау қағазымен ата-аналарды марапаттау.
Келдік бүгін мектепке
Би билеп, ән айтып.
Қуандық біз шаттана
Алтын күз кешім тамаша
Тараймыз үйге мақтана деп
Осымен «Арайлап атқан алтын күз» атты кешіміздің концертті аяқталды.
ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР ҚАДІРМЕНДІ ҚОНАҚТАР!
«Күз-береке»- жарысы
Жарыстың мақсаты: Күз берекесі туралы түсінік алу.
Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылықтарын дамыту.
Жарыс көрнекілігі: газеттер,эмблема.
Жарыстың барысы: Ұйымдастыру.
Арайлап атқан алтын күз кешін бастамас бұрын сыныптар арасында жарыстар өткіземіз
-Той дегенде қу бас домалайды,- деген, бізде үлкен той болғалы жатқанын естіп «Күз патшасы» келеді деген хабар жетті балалар. Ортаға «Күз патшасын» қол шапалақтап қарсы алайық.
(күз патшысы болып Осипов Абылайхан шығады.)
- Күз патшасы ,тойымызға хош келдіңіз.
Ортамызға үш ауылдың оқушылары келіп отыр шақырамыз.
(Қатысатын 3,4,5 әр сыныптан 4 оқушылар ортаға шығады )
Енді үш ауылға бөлінген себебіміз, осы өзіміз көріп отырған байлыққа жету үшін көктемнен бастап еңбекке кірісеміз.
Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.-деген мақалмен
1-ауылымыз «Жер-Ана» 3-СЫНЫП
Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас-деген мақалмен
2- ауылымыз «Еңбек» 4-СЫНЫП
Жемістерін жинауға,
Ортамызға күз келді.
Берекесін тойлауға,
Шақырады біздерді. –демекші
3- ауылымыз «Береке» 5-СЫНЫП
Осы үш ауылдың оқушыларына кезекпен тапсырма береміз.
Ұйымшылдықпен еңбек етудің арқасында мынадай байлыққа кеңеліп отырмыз.
Жер ырыстың кіндігі,
Білім-ырыстың тізгіні-демекші
«Жер-Ана» ауылының оқушылырының білімін ортаға салайық.
Тапсырма.
Жыл мезгілдерін ретімен ата?
Тапсырма
а) Ағашта әрқашан болады...( гүл, жапырақ)
ә) Күз айының ай аттарын ата ? ( қыркүйек.қазан,қараша)
б) Қандай ағаштарды білесіндер ( қарағай, емен, қайын, сексеуіл,терек)
«Тауып сөйлесең- күміссің,
Таппай сөйлесең- мыссың»- дегендей өлең ұқсасын табу
3 - Тапсырма
а) Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесін бірден жүзін,
Оның аты ... ( жүзім)
ә) Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шығып қара таңдап,
Оның аты... (жаңғақ)
б) Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бәрі дәні
Қызығасың көріп.
Оның аты....(өрік)
Әуелі тәңірі жерге берді,
Жерге берсе елге берді.
Елге берсе ерге берді,- ендеше «Еңбек» ауылының оқушыларының білімін ортаға салайық
Ақыл- алтын сандық,
Адамына қарай ашылар-дегендей
тапсырма
а) Көкөністерге не жатады? ( картоп, сәбіз, қырыққабат т.б.)
Оның қандай пайдасы бар?
ә) Жемістерге не жатады? ( алма, алмұрт т.б.)
б) Қандай дәнді дақылдарды білесіндер? ( бидай,арпа, тары т.б)
2- тапсырма
Жұмбақтар шешу
а) Үлкен – тас,
Төккені- ас. ( Диірмен)
ә) Бойын жерге жасырған,
Бұрышы бар жасылдан. (Сәбіз)
б) Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. ( Бидай сабағы)
3-Тапсырма
«Мақал - сөздің мәйегі»
Қандай мақалдар білесіңдер?
Асыл- тастан,
Өнер-жастан- демекші 3 ауыл «Береке» ауылының оқушыларының білімін ортаға салайық.
Осы 4 оқушыдан 1 оқушы шығып ертегі тақырыбы бойынша суретті алып іс-әрекетпен үндемей қимыл арқылы көрсетеді.
(көрсетілетін ертегілер : «Шалқан», «Бауырсақ»)
тапсырма
а) Қандай жаңылтпаштар білесіңдер? ( екеі жаңылтпаш)
ә) Егін жинағасын егіншілер қандай той жасайды? (Сабан той)
б) Күз туралы қандай тақпақ білесіңдер.
( бір жаттау Абайдың «Күз» өлеңі)
3- тапсырма
4 оқушының көзін кезекпен байлап, жіпке әр түрлі заттар ілінеді.
Соны қолмен сипап,оның қандай зат екенін табу керек.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тілінбей – демекші
« Білім ырыстың тізгіні»- атты дипломмен үш ауылды марапаттау.
Батамен ел көгереді,
Жаңбырмен жер көгереді- дейді халқымыз.
Енді осы тойға келген «Күз патшысының» баттасын алайық.
-Балалар, осылай білімді, саналы, дені сау азамат болыңдар, күз мезгіліндей мейрімді болыңдар.
Өте жақсы оқушылар сендерге көп рахмет.
Құрметті:______________________
Сізді 2011 жылдың 29 қазан күні ,сағат_______
«Арайлап атқан алтын күз» атты кешімізге шақырамыз.
Шолақаша орта мектебінің
мемлекеттік тілде оқытатын бастауш сыныбының ұстаздары.
Құрметті:_____________________
Сізді 2011 жылдың 29 қазан күні ,сағат_______
«Арайлап атқан алтын күз» атты кешімізге шақырамыз.
Шолақаша орта мектебінің
мемлекеттік тілде оқытатын бастауш сыныбының ұстаздары.
Құрметті: ______________________
Сізді 2011 жылдың 29 қазан күні ,сағат_______
«Арайлап атқан алтын күз» атты кешімізге шақырамыз.
Шолақаша орта мектебінің
мемлекеттік тілде оқытатын бастауш сыныбының ұстаздары.
Құрметті:______________________
Сізді 2011 жылдың 29 қазан күні ,сағат_______
«Арайлап атқан алтын күз» атты кешімізге шақырамыз.
Шолақаша орта мектебінің
мемлекеттік тілде оқытатын бастауш сыныбының ұстаздары.
Достарыңызбен бөлісу: |