Тәрбие сағаты Киіз үйді жіліктей білесің бе?



бет38/51
Дата06.02.2022
өлшемі4,46 Mb.
#36169
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51

Мипалау


Аты айтып тұрғандай мидан дайындалатын тағам. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық майы, бастың құйқасын әбден араластыралы. Қымыз, айран немесе сүзбе қосып, майлы сорпа құйса, мипалаудың дәмі тіптен керемет болады.

Шыж – мыж


Қазақтың «мың сіз-бізден бір шыж–мыж артық» деген сөзін естулеріңіз бар болар? Әдетте жылқы сойылып жатқанда, қасапшылар қуырдақ дайын болғанша, ауызға салып жіберетін жеңіл тағам дайындайды. Шыж-мыж соғымның бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап шала пісіру арқылы дайындалады.

Қойды үйтіп сүрлеу

Қойды үйтіп союБұл тамақтың дайындалу тәсілі мынадай. Семіз әрі жас қой бауыздалған соң, терісімен үйтіледі. Қойдың түсі ақ немесе боз болғаны жақсы, қара қойдың еті үйтілгенімен қарақоңыр болып көрінеді. Толық үйтіліп, қырылып, тазалап жуылған соң, терісімен бірге жіктеліп, мүшеленеді. Майы шығып үйтілген құйқалы ет, әдеттегідей сойылған қой етінен әлдеқайда дәмді болады. 

Сәукеле, шашбау, білезік, сырға жарасар қазақ қызына…


Біздің тарихымызда зергерлік өнердің небір тамаша түрлері болғанын қазба жұмыстарынан табылған дүниелерден көріп жүрміз ғой. Алтын мен күмістен жасалған талай бағалы дүние музейлерде
сол тарихтың өшпестігін дәлелдеп тұрғандай. Қазақтың зергерлік өнері, әсіресе әшекей бұйымдар көбіне күмістен жасалады. Күмістің қасиеті ерекше екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар екенін білген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, дүниеге келген нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып келе жатқаны да металдың қасиетінің көрінісі шығар. Күмістің емдік қасиеті медицинада да дәлелденген.
Қазақ зергерлік өнері атадан балаға мирасқа беріліп келе жатқан өнер деуге болады. Себебі, бұйымның қалай жасалғанын көзбен көрмейінше, сезіну мүмкін емес. Әрбір шебер өз білгенінің қыр-сырын ұрпағына, шәкірттеріне түсіндіріп, үйретіп кеткендіктен бе, көбіне зергерлер шаңырақтарында осы өнермен айналысқан шеберлер болған отбасылардан шығып жатады. Мен де бала күнімнен әкемнің інісі Серікқали есімді ағамның түрлі әшекейлі бұйымдарды тудырғанының талай куәсі болдым. Әдемі, әшекейлі дүниені мен де жасасам деген бала арманымды сезген ағам, өз білгенімен бөлісіп, зергерлікке баули бастады. Мектеп бітіргеннен кейін, Алматыға келіп Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне түсуіме де өнердегі алғашқы ұстазым әрі ағам Серікқали себепші болды. Металл бөлімінде 4 жыл оқып, білім алып шыққаннан кейін Алматыдағы «Алма-Арасан» емдік-демалыс орнының маңындағы Шеберлер ауылында тәжірибелі ұсталардың жанында жүріп, көп тәжірибе жинақтадым. Шеберлер ауылы кезінде аты дүркіреп тұрған ауыл болған екен, қазір қолдаудың аздығынан, сұраныстың төмендігінен болар, ұсталардың жағдайы күн-көрістің ар жақ, бер жағында десем артық айтпас-пын. Ол жерде Дәркембай Шоқпаров, Қалқаман Тілеуханов сияқты атақты зергерлер қазақтың қолөнерінің өсіп-өркендеуіне көп еңбектенген. Кейін Қалқаман Тілеуханов ағамыз өмірінің соңына дейін осы Астанада еңбек еткен.

Қазір бұйымдарымызбен көрмелерге қатысуға көп шақыртулар алып тұрамыз. Көбіне тапсырыспен жасаймыз. Қазақтың қолөнерін бағалайтын, ұлттық дүниелерімізді дәріптелсін, кең қанат жайсын деген адамдар хабарласып, әшекей-бұйымдарымды сатып алып жатады. Көбінесе шетелден келген қонақтарға сыйлық ретінде алады. Мысалы, осы жолғы Азиада ойындарын тамашалауға келген шетел қонақтарына менің бұйымдарымды сыйға тартты. Қазір халықтың біртіндеп ұлттық өнерімізге назар аудара бастағанын байқап жүрміз, соның ішінде құрақ көрпе, сырмақ, түс киіз сияқты заттарды қызығып іздей бастағаны байқалады. Қыз-келіншектеріміз Қытайдың арзанқол жылтырақтарына қызықпай, қазақы сырға, білезік, сақиналарға көңіл аударса, өзіміздің құнды заттарымыз сәнге айналып жатса, ұлттық дүниенің жаңғыруы деген сол емес пе?
Қазақы әшекей — бұйымдарды сәнге айналдыру үшін не істеуге болады?
—Шынымен, қолөнер болғандықтан, ол бұйымдар арзан болмауы мүмкін. Дегенмен әрбір қазақтың қаракөз қызы таға алатындай, қолжетімді қылып бағалауға болады. Кейбір бұйымдар ешқандай бағалы тас қосылмай, тек қана күмістен жасалады, олардың бағалары тастар қосылған бұйымдардан арзан. Бағалы тастармен жасалған бұйымдардың бағасы да сәніне қарай қымбатырақ болады. Әшекей бұйымдар көбіне жасалу қиындығына, көлеміне қарай бағаланып жатады. Қазақы әшекейлеріміз келешекте дәулет-дәрежесіне қарамастан, әрбір қыз-келіншектің қобдишасынан табылады деп ойлаймыз. Сол үшін де еңбектеніп жатырмыз..
—Білгеннің тілін алып, үйренетін жас табылса және оның қабілеті мен қарымы бар болса, өнерді үйренгенінің артығы жоқ. Қасымда екі көмекші жігіт бар, соларға бар білгенімді үйретіп жүрмін. Қабілеттерін байқап, уақыттарын бос өткізбей, кәсіп үйренсін деп қасыма шақыртып алдым. Екеуі де ауылда жүрген балалар. Біз ешбір құрылғының көмегінсіз әрбір зерді қолмен саламыз, әр тетікке түрлі бағалы тастарды қолмен енгіземіз. Күмісті балқытып құюда жазба, ширатпа, өрім сияқты тәсілдерді қолданамыз. Әр бұйым ерекше ықыласпен жасалады. Кез-келген шығармашылықтың шарықтау шегі шабытта жатыр. Мен де ешбір ойсыз, ұйқыдан тұра сала қолыма қысқыш, қашау алып іске кірісіп кете алмаймын. Әсіресе, ел жатқанда, айнала түгел мүлгіп, тыныштық орнағанда жұмыс істегенді жақсы көремін. Бұл да ақын тудырған өлең сияқты ғой, шабытсыз болмайды. Қазақтың дәстүрлі әндерінің, домбыраның қоңыр үнін тыңдап, ойға түсіп отырғанда істеген ісімнен ләззат аламын. Күмістің де жатырқайтын кездері болады. Көңіл қалауымен, жүрек жылуымен жасамасаң, хас өнер тумайды…





Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет