қыз жасауын жинауды бастайды. Атам қазақ «алты жасынан жинасаң асады, жеті жасынан жинасаң жетеді» демекші бүгін біз сіздергеқазақ қызының жасауының ең басты бөлігі көрпе-жастығына тоқталмақпыз.
Қазіргі кезде қыздың жасауына оюлы, сырылған көрпелерді арнайы тапсырыспен тіккізеді.Қолдың көрпесінің дүкеннің көрпесінен бірнеше айырмашылығы бар, атап айтар болсақ қазақ қол шеберлері кез-келген құрақ көрпенің ең бірінші қандай мақсатқа арналғанына назар аударады. Мысалы, қыз жасауы болса ондағы ою-өрнек қыздың өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі туған ұясы туралы мәлімет беруі керек. Әрбір ана осы көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің сүйікті қызына жүрегінің бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. Сонымен қатар, қолдың көрпесі дүкен көрпесінен жылығымен, ішіне салған салмасының жылжымай қапсырылып тігілуімен, ұзақ уақытта жарамдылығымен бағаланады.
Бүгін біз сіздерді жоғарыда айтып кеткен талаптарға сай көрпе тігудің бір шебері, Жеңісгүл Даулетованың жұмыстарымен таныстырғымыз келеді. Жеңісгүлдің жасаған көрпе-жастықтары ерекше маңызға ие. Таңдалған маталары, салатын ою-өрнегі, ішкі салма материалдары табиғилығымен, ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Жеңісгүлдің көрпелері әр жас жанұяға тату отбасылық пен жинақы тірліктің үлгісіндей, ұлттық брэндіндей әсер қалдырады.
Жеңісгүл Даулетова қалыңдық жасауы ретінде: қоржын, құрақ көрпелер (оның ішінде қошқар мүйіз, 2 см ден құралған ши құрақ көрпелер), ою көрпе, жамылғы көрпе, махаббат көрпесі, төсек жапқыш, жастық, диван-кресло көрпелері, диван жастықтарын,орындық көрпелері, төсеніш көрпелерін ұсынады және де Жеңісгүл ұзатылар қыздың көрпе-жастығының тұтас бір комплектісін жасап бере алады. Жеңіскүлдің жұмыстарының ерекшелігі бір комплектідегі қолданылған ою-өрнектер мен үлгілер екінші комплектіде қайталанбайды. Қазір бір бөлмені толықтай қазақи ою-өрнекпен сәндеусәнге айналды, Жеңісгүл бір бөлмені толықтай жабдықтай алады. Жеңіскүлден қыз жасауына қатысты заттарды алған адам оған қосымша ретінде еш нәрсе іздеп әуре болмайды. Жеңіскүлдің жұмыстарының тағы бір ерекшелігі бұлар көрмелік мақсатты алға қоймайды, күнделікті өмірде сәні мен салтанаты пайдалану тиімділігімен терең үйлескен. Қалалық болсын, ауылдық болсын кез-келген үйге жарасымды әрі заманауи дизайнменжасалады.
Жеңісгүлдің көрпе-жастығымен матадан жасалған дүниелер кез-келген шет елдік болсын, отандық болсын үйдің ағаш-жабдықтарымен (мебельдерімен) үйлестіруге болады. Таңдап алған маталары мен салма материалдары ыстық пен суыққа төзімді, ортаның әсерінен иіс шығару, бұзылу сияқты зиянды әсерлерге төзімді.
Базардан сатып алған көрпелерден артықшылығы тігісінен, сыртын алып жуған кезінде ішіне салған жүннің басқа тыста қабылуынан бірден байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |