Тәрбие сағаты Тақырыбы: Жұлдызым менің жоғары



Дата10.10.2019
өлшемі163,55 Kb.

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Жұлдызым менің жоғары

Мақсаты:

Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру;

Табыс критерийі:

Оқушылар өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай мамандық таңдауды үйренеді; мамандық таңдауда қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын түсіне біледі; кәсіп таңдау мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушыларда коллаборативті ортада жұмыс жасау дағдысы қалыптасады; қатысушылардың пікірін тыңдау арқылы ортақ қорытындыға келуді үйренеді:

Ресурстар

Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, слайдтар, интернет ресурстары, көрсетілім, аспан әлемі мен жұлдыздар.

Эпиграф


Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы: өзге жұлдыздар алыстан жарқырап құр жымыңдаса, күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқаға өмір беретін, жарық сәуле төгетіндер аз емес.I.Есенберлин

Тәрбие сағатының өту барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

(5 мин)


Өз жұлдызыңызды табыңыз

Тыныштықты сақтап, көзімізді жұмамыз. Жұлдызды түнді елестетеміз. Жұлдыздар үлкен кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу емес бірнеше жұлдыздар, ал біреу үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде орналасқан. Жұлдыздарға қарап ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін бұл сіздің бір кездегі арманыңызға ұқсас шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.

А) сіздерге алдарыңызда жатқан бетке елестеткен жұлдызыңызды салыңыз тапсырылады.

Ә) жұлдызға арман-тілегіңді жазыңыз.

Б) Тақтадағы аспан әлемінің үстіне өз қалаған жеріңізге жапсырыңыз.
• Қалай ойлайсыз неліктен үлкендер «жұлдызың жоғары болсын!» дейді?

• Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?



• Адам жұлдызы жоғары болуы үшін не істеуі керек?

Жұмыс барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

А) елестеткен жұлдызыңызды салады.

Ә) жұлдызға арман-тілегіңді жазады

Б) Тақтаға қалаған жеріне жапсырады.




Қызығушылықты ояту

 


Көрсетілім:   “Пабло и Бруно” 

(-Сонымен көрсетілімді тамашалай отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

1. Көрсетілімнен не түсіндіңіздер?

2 кейіпкердің іс әректінен адам байында болатын 4 қасиетті атаңдар.

 (Ашық пікір айтқан топ мүшелеріне жұлдызша беріледі)



Қатысушылар көрсетілімді тамашалағаннан кейін өз ойларын түйіндейді.

«Арман», «Мақсат», «Жетістік» «Табыс»





Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.

Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың!

Осы жолды бастар алдындағы негізгі міндетің мамандық таңдау. Ендеше

1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің? Мамандық таңдау не үшін керек?


2. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?
3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?
4. Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?
5. Сен таңдаған мамандық қаншалықты сұранысқа ие?
6. Сен осы мамандықтың иесі бола тұра жұмыс таба алатындығыңа сенімдісің бе?
7. Таңдаған мамандығыңа басқа адамдардың ықпалы бар ма?
8. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз?



оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды.

Миға шабуыл

«Мақсат деген не?» /Мақсат ұғымының мәнін ашу/

Қатысушылар постерге өз ойларын түсіреді

 

 

«SMART - мақсат» презентациясы арқылы түсінік жұмысын жүргізу

 

 

 



 

SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы  Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Specific- арнайы, нақты;

Measurable-өлшеуге болаты;

Attainable-қолжетімділік;

Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.

1. Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты  емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Мен оқуға  түсемін» деген мақсат айқын емес. Ал, ол айқын болу үшін  мектепті (11-ші сыныпты) соң түсетінім нақтылануы керек. ( Жоғарғы оқу орны, әлде арнайы орта оқу орыныма?)

2. Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «11-шы сыныпты аяқтаған соң жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Мен Атырау қаласындағы педагогикалық университеттің география факультетіне оқуға түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3. Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, ҰБТ-дан шектік балл жинамасам да «Мен жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.

4. Мақсат шынайы болу керек.  Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, өзің таңдаған мамандықты меңгеру үшін білімің, қабілетің аталған мамандықтың иесі болуға жеткілікті ме? Немесе оқуға ақылы бөлімге түскен жағдайда сенің шығыныңды өтеуге жанұя бюджеті көтере ме?

5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек. Мысалы: қай жылдар аралығында



 

 

Коуч «SMART-



мақсат» презентация-

сы арқылы түсінік жұмысын жүргізеді.

 

 


Практикалық тапсырма


Алдарыңыздағы флипчарт қағаздарға  қолыңызды қоя отырып, өзіңіздің бес саусағыңыздың суретін айналдырып сызып шығыңыз. Әр саусаңыз белгіленген жерге SMART-тың   шарттары  бойынша  мамандық таңдаудағы өз мақсаттарыңызды  жазыңыз.



Оқушылар арнайы, нақты; өлшеуге болатын; қолжетімді; шындыққа сай; белгілі бір уақыт арлығымен шектелген мақсаттарын қағазға түсіріп, қорғайды

Тапсырманы орындау

барысында  берілетін кеңестер



Кеңестер:

1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі керек.

2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»

3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек.  Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби  жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?)

4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)

5. Кез келген арманды іске асыра біл.

6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.

        Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам- қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз. Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:



1. Арман (тілек)
2. Көз жеткізу (қажеттілік)
3. Жоспарлау
4. Әрекет
5. Игеру.



Оқушылар тыңдайды, галереядан оқып танысады.




Мамандық таңдауда нені ескерген жөн?

Видео көрсетіледі.



Біз табиғи бейімділігімізге үңілейік

Тренинг: «Демалайық»



Тапсырма: Сіз орындықта демалып отырғансыз, қасыңызда сіздің бас киіміңіз жатыр. Жаныңызға келіп жайғасқан адам сіздің бас киіміңізге отырып алды. Сіздің әрекетіңіз. Суретті таңдаңыз.




Тапсырманың нәтижесі:
Егер сіз № 1 суреттегідей реакция танытсаңыз, онда сіз бұл жағдайда сангвиник темпераментін көрсеттіңіз.

Егер сіз № 2 суреттегідей реакция танытсаңыз, бұл жағдайда сіз меланхолик типін танытып тұрсыз.

Егер сіз № 3 суреттегідей реакция танытсаңыз, онда сіз холерик темпераментін көрсетіп тұрсыз.

Егер сіз № 4 суреттегідей реакция танытсаңыз, онда сіз флегматик типі көрсетіп тұрсыз.


Темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның

жеке өзгешеліктерінің бірі. Әртүрлі типтегі адамдарға мамандық таңдауда берілетін кеңестер;



Сангвиник

Жұмыстың типі: жұмысқа деген үлкен қабілеттілік, ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты орындай алады. Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы. Жаңа мамандықтарды тез меңгере алады. Қол астындағы сангвиник жақсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да қызықты тапсырмалар қою шарт

Сәйкес келетін мамандық түрі: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяршы, инженер- технолог, жақсы жүргізуші, із кесушуі
Холерик

Жұмыстың типі: үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері сәйкес келеді. Қиындықтар мен кедергілерді оларды жеңуді ұнатады. Жұмысқа тез кіріседі. Жоспарын іске асыра алады .Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс істегенді ұнатады. Айтқаннан қайтпайды. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау керек, ескертпелердің орнына қателіктерін түзейтін тапсырмалар берген жөн. Холериктер флегматиктермен, меланхоликтермен жақсы жұмыс жасай алады, бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды, олар бақталасып, шиеленіске келіп қалуы мүмкін.

Сәйкес келетін мамандық түрі: телеоператор, әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, керемет ұшқыштар, каскадерлер т.б

Флегматик

Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жәйбасар.

Дайындық кезеңіне көп уақыты кетіп қалады. Шыдамды-лығымен табандылығы арқасында үлкен жетістіктерге жетеді Бір сарынды жұмысты сүйеді. Лидер, ұйымдастырушы болуды қалай қоймайды. Жұмыс жағдайы өзгере қалса еңбек өнімділігі тез төмендеп қалады. Асықпай шешім қабылдауға жақсы. Қол астыңда флегматиктер жұмыс жасайтын болса олармен үнемі белсенді байланыста болу керек, мадақтап, түрлі жұмыстарға тартқан жөн. Адамдармен араласқаннан гөрі компьютермен жұмыс жасағанды ұнатады. Егер медицинаны таңдаса онда хирургтен гөрі жақсы терапевт шығады.



Сәйкес келетін мамандық түрі: бухгалтерия, экономика, агроном, инженер, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астраном, физик, математик, электрик.
Меланхолик

Жұмыстың типі: меланхоликтердің жұмысқа қабілеттілігі көңіл – күйлеріне байланысты, тез шаршап қалуы мүмкін. Қиындықтары мен қысымы мол мамандықтар қайшы келеді. Жаңа ортаға қиын бейімделеді. Жұмыста меланхоликтерге үнемі қолдау мен демалыс қажет. Олар өте байқампаз.

Халықпен жұмыс жасайтын мамандықтарды таңдамаған жөн, керісінше өз бетінше компьютермен жұмыс жасаған оларға ұнайды.



Сәйкес келетін мамандық түрі: педагог, өнер, модельер, композитор, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, радиомеханик.







Мен мамандық әлеміндемін
Соңғы уақытта пайда болған мамандықтар

 

Қазіргі заманның табысты және ауыл балалары таңдай бермейтін мамандарды





Web-программист, web-дизайнер – ғаламтор желісінде сайттар құру мамандары.

 Аудитор -   әртүрлі компаниялар жұмысында қаржы ісін тексеруші және олардың  қызметінің тиімділігін, табыстылығын анықтаушы маман.



Бренд-менеджер – бренд ойлап табушы және оны нарықта  ұсыну жолдарын ойластырушы   маман.

Логистик – қойма, көлік, өндіріс жұмысын реттеуші маман. Көлік логистик маманы компанияның көліктерінің жүк тасымалдау схемасы ойластырады, ал қойма логистик маманы- қоймадағы заттардың, тағамдардың сақталуын ұйымдастырады.

Маркетолог -  латын тілінен аударғанда «нарықты білетін» дегенді білдіреді. Нарық сұранысын, тұтынушылар талғамын  зерттеуші маман.

 Мерчендайзер -Үлкен дүкендерде өз фирмасының  тауарларының тұтынушыға қалай ұсынылғанын, қалай жарнамаланғанын қадағалайтын маман. Ол дүкендерді аралап, тауарларды тұтынушыға қалай ұсыну керек, дүкен сөрелеріне қалай орналастыру керектігі жөнінде кеңес береді. Бірақ бұл мамандыққа әзірге ешбір оқу орнында оқытпайды.


Аниматор- суретке жан бітіруші.

Мультипликатор -мультифильмдерді және арнайы телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.

Декоратор -түрлі мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші.

Интерьер дизайнер- кеңседегі жиаздарды талғаммен орналастыра білетін маман.


 

 

 



 

 

 Оқушыларға мамандық аттары айтылады оқушылар өздері ізденген мамандықтары туралы айтады, пікір бөліседі.



Оқушыларға арналған сауалнама

Мамандық таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама
Аты-жөні_____________________________________

Нұсқау: сіздің ойыңызбен сәйкес келетін жауаптың астын сызып, керек жерінде толықтырып отыруға болады.

1. Қандай пәндерді ұнатасың?_________________________________________________


2. Қандай пәндерді ұнатпайсың?_______________________________________________
3. Саған қандай кәсіп ұнайды? ________________________________________________
4. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? (мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, қажыр, қайрат, адалдық, батылдық)
5. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми (математика, физика, химия, биология, медицина, экономика, юрис пруденция), гуманитарлық (әдебиет, журналистика, лингвистика, педагогика, психология), өнер (музыка, театр, бейнелеу, вокал, өндірістегі жұмыс).
6. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің?

- ынта- ықыласқа сай оқу пәндерін  оқып жүрсіз бе?

- қосымша әдебиеттер оқисыз ба? (ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық)

- қызықтырған пән жөніндегі факультативке қоғамдық жұмысқа , сайысқа қатысасың ба? (қандай) __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


7. Бос уақытыңызда немен айналысасыз? (сурет салу, техникамен, шеберлік іс, спортпен шұғылдану, музыкалық аспапта ойнау, театрға, музейге, көрмеге, концертке бару, тоқу, киім тігу)
8. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме?
10. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап береді.

Рефлексия

Аяқталмаған сөйлемдер

1. Мен бүгін _______________________________білдім.

2. Маған ______________________________ қызықты болды.

3. Маған___________________қиын болды.

4. Мені ______________________таң қалдырды.

5. Бұл сабақ менің өміріме _____________берді.



Оқушылар өз ойларын  стикелерге түсіріп Блоб ағашына жапсырады




 Болашақта қандай мамандықты иеленгің келетіні туралы мақсат қойдың. Адам бойындағы екінші қасиет сендердің қазір саналарыңда. Олай болса қолдарыңа берілген жұлдызға қалаған мамандығыңды жазып ,оқы да аспан әлеміне жапсыр.

Қолдарыдағы берілген жұлдызға қалаған мамандығын жазып аспан әлеміне жапсырады.




Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Әрқашан ЖҰЛДЫЗДАРЫҢ ЖОҒАРЫ БОЛСЫН!


Т. Молдағалиев «Менің жұлдызым»

Оқитын: Болатова Жайна
«Жұлдызым бар менің де»

Оқитын:


Азербаев Темірхан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет