Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Кітап оқу-сән» Сынып жетекшісі



бет3/3
Дата18.05.2023
өлшемі36,2 Kb.
#177091
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие жоспар Кітап оқу-сән

IX. Қорытынды
Абай атамыз айтқандай
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралуы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз.
Балалар, бүгін сендер «Кітап оқу сән» атты тәрбие сағатымызда кітап жайлы көп естіп білдіңдер. Енді сөз соңын М.Горкидің сөзімен аяқтағым келіп тұр.
Білімнің қайнар бұлағы – кітапты сүйіңіздер, тек білім ғана құтқарушы, тек сол ғана сіздерді рухани күшті, адал, ақыл-есті, адамды шынайы сүйетін, оның еңбегін қадірлеп, оның үздіксіз ұлы еңбегінің жемістеріне шын жүректен қызығатын кісілер ете алады.


Тәрбие сағаттың талдамасы


Мерзімі: 27.04.2023 ж
Сынып жетекшісі: Байтұрсын А.
Сынып: 8 «В»
Қатысқандар саны: 25
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кітап оқу-сән».
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, стикерлер
Педагогикалық тәрбиелік маңыздылығы: Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. 
Мектеп директоры: ___________ Ж.Ж. Азретбергенова
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: ___________ М.Оразбекова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет