Ж.Ташенов атындағы №23 IT мектеп-лицейі
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: Тәрбие-ісі жөніндегі
орынбасары:
Ж.Ж. Азретбергенова М.Оразбекова
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Кітап оқу-сән»
Сынып жетекшісі: Байтұрсын А.
Орындаған: Дүйсебай Н.
Түркістан- 2023 ж
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті «6В01512 -Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс білімгері Дүйсебай Нұрлыбектің 30.01.2023ж-13.05.2023 ж аралығындағы психологиялық-педагогикалық практикадан өту кезіндегі тәрбие сағатының жоспары
Өткізілетін күні: 20.04.2023ж. Уақыты: 11:30- 12:15
Сыныбы: 8 «В»
Тәрбие сағатының тақырыбы:«Кітап оқу-сән»
Мақсаты :
Кітап адам өмірінде,оқырмандардың қалыптасуында ерекше орын алады.Соның ішінде балалардың,оқушылардың ой-өрісінің кеңеюіне,дамуына кітаптың қосар үлесі зор.Жасөспірімдерді күн санап технологияның дамыған заманында,интернет ақпарат кеңістігінде қалып қоймай «Кітап оқу-сән» кітапқа деген қызығушылығын ояту.Балалардың ой-өрісін дамытуда ең үлкен ұлы тәрбие құралы кітап екенін түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, ортада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, стикерлер.
Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты- Түсіндіру сабағы-жаңа сабақ
Сабақ кезеңдері: Көрініс ,сәлемдесу, мақсаты, топқа бөлу,топ аттарына сипаттама беру,қызығушылықты ояту, сергіту сәті, ақын-жазушыларды таныстыру, сұрақ- жауап, топпен жұмыс, кері байланыс,қорытынды.
I. Сәлемдесу:
Оқушылармен ұстаз сәлемдесіп, тәрбие сағатымыздың тақырыбы айтылады және де бейнеролик көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=E2iY6EtscZw
II. Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу
III. Топқа бөлу
Оқушылар ленталардың әртүрлі пішінді қиындылары арқылы топқа бөлінеді.
І топ Роман тобы
ІІ топ Поезия тобы
ІІІ топ Комедия тобы
Достарыңызбен бөлісу: |