Тәрбие сағатының жоспары Тәрбие сағатының тақырыбы



бет2/3
Дата14.12.2022
өлшемі25,52 Kb.
#162792
1   2   3
ІІ «Оқушы ережесі»
Әр топ плакатқа оқушының мектептегі ережелерін жазып, жұмыстарын қорғайды.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?» 2 топтың пікірін тыңдау.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 — видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
— Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
— Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
— Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
— Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 — видео. Қожаның өзіне — өзі есеп беруі.
— Бұл видеодан не түсіндіңдер?
— Күн сайын өзіне — өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
— Сендер өз — өздеріне есеп бересіңдер ме?
— Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?
Мұғалім: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
IҮ. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)
Мұғалім:
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)
1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.)
2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? (Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді.)
3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? (Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.)
4)Әдептілік дегеніміз? (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.)
5)Адам боламын деген бала не істеу керек? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар 
6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?(Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.)
7)Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет ? ( Сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
8) Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? (айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.)
9) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба? (Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге
зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.)
10) Адам адамнан несімен ерекшеленеді? (Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.) 11)Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
12) Сыныпта кімді үлгі тұтасыңдар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет