Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана біздің күніміз, біз ананың гүліміз



Дата08.03.2023
өлшемі20,78 Kb.
#171475
Байланысты:
Тәрбие сағаты Ана-біздің күніміз, біз ананың гүліміз!


Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана біздің күніміз, біз ананың гүліміз

Күні: 03.03.2023.

Мұғалімнің есімі: Әкімғали Әлия Мұратқызы

Сынып: 1 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

Мақсаты:

а) Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға
деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

Ресурстар

Суреттер, тапсырмалар, бейнеролик, ашық хат

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, суреттер, ойын,көрнекілік.

Жоспарланған уақыт

Барысы

Ресурстар

Басталуы
5 мин
10 мин

25 мин


Сабақтың соңы
5 мин



Армысыздар, аяулы  арулар! Сіздерді 8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
Балаларға сұрақтар қою.
Өмірдегі ең жақын адам кім?
Ананың көзінен төгілген нұр жан – жағына шуағын
шашады.
- Балалар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі: - АНА!


Ән «Аяулы анашым»
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
Ана туралы тақпақтар.
Оқушылар ана туралы тақпақтарын 5 оқушы айтады.
Ойын « Сыйлық»
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,
Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!
Ортаға тақпақтарымен оқушыларды шақырайық.
5-Оқушы
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
5-оқушы тақпақ айтады.

біздің сыныптың қыздары ерекше. Бүгін сол сұлуларымыздың мерекесі.


біздің қыздар сұлу да сымбатты. Енді кезекті қыздарымызға арналған сыныбымыздың жігіттерінің өздері шығарған өлең жолдарын тыңдайық.
Қыздар туралы тақпақтар.
Инабатты, ақылды
Көркіне көз тоймайды,
Сыныпта ол белсенді,

Ұқыпты да, әдепті,


Сабырлы да, байсалды
Тәртіпті әркез сақтайтын

Қылығы бар қызға тән,


Еркетайы сыныптың
Мінезі де көрікті

Анасының еркесі,


Ылғи күліп жүреді
Қамқор болар әрқашан

Үлгі болар кішіге,


Бәріне көмек береді.
Күлімсіреп жүреді

Таза ұстайды дәптерін,


Жазуы оның тамаша,
Бәріне ол үлгерер

Білгісі келер барлығын


Сұрағы көп сантүрлі,
Сыныбымыздың кенжесі

Сабаққа ол мұқият,


Білімді де сабырлы
Дайындықпен жүретін

Көршісімен бөлісер,


Қолындағы барымен,
Рахымның ол көршісі
Кім екенін табайық.

Өзі әркез сабырлы,


Ренжітпейді ешкімді,
Тату жүрер бәрімен

Оқушылар ашық хат жасайды



Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.
Анама көмек болсын деп,
Іні-бөпемді бағамын.
Әкемді ренжітпейін деп,
Айтқан тілін аламын,
Мен ақылды баламын.
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?


Қорытынды
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік.Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс.Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайык.Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет