Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Тәрбие сағатының мақсаты



Дата10.07.2017
өлшемі35,49 Kb.
#20966
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы: Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. -14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына не жолдады?

-Иә, балалар, Жолдауын арнады.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Біз: «Мен – Қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір адам үшін жауапты іс, әрбір Қазақстандық үшін парыз және абырой. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтардың тату болыуын,көп ұлтты болсада бір-бірін шеттетпеуге тәрбиелейді.

Балалар Отан туралы тақпақтар,мақалдар айтады: Замир,Жанболат,Гүлназ-Отан туралы тақпақтарын айтып береді.

Сайда,Айдана,Ильяс-Отан туралы мақал-мәтелдер айтадын.

Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Біздің топтада көптеген ұлт өкілдері бар,біз бәріміз тату-тәтті өмір сүреміз.Біздің топта қазақ,башқұр,татар,орыс ұлтты балалар бар, біз бәріміз бір - отбасы,бір - халық,бір-тағдыр болып өмір сүреміз.

Балалар «Қазақстан» атты ән орындайды.

Облыстық балалар үйі

«Балапан» тобының тәрбие сағаты



Өткізген: Д.Т. Касанова

Орал 2013ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет