Тәрбие сағатының тақырыбы: «бірлік пен келісім» Тәрбие сағаттың мақсаты



бет3/3
Дата15.06.2020
өлшемі23,49 Kb.
#73498
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Бірлік пен келісім Сынып сағаты

Ой-толғаныс.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.

Мынадай бір аңыз бар:

Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.

Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.

Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.



Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан», Отан, Отан.... » деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек, құстың Отаны - ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да, адам түгілі құстар да ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!


Рефлексия.

https://www.youtube.com/watch?v=zumrqkN2kv0



Жұлдыздар тобы - "Ағайынбыз бәріміз". Бірлігіміз жарасқан.

«SMART Technologies» мектеп – интернат – колледжі

тӘРБИЕ САҒАТЫ

«БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ»

Айтжанова М.Т

5 «А» сынып

Теміртау қаласы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет