Тәрбие сағатының тақырыбы:
«БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ»
Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын үлгі ету, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, ел бірлігінің құндылығын, әр адамның отбасы мен жақындарының амандығын, жауапкершілікті ұғындыру.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: «Қазақстан – достықтың мекені» атты слайд, суреттер, сілтемелер
Тәрбие сағаттың барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
Бүгінгі біздің онлайн тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бірлік пен келісім» деп аталады.
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзге де ел - халықпен
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Мына мақал-мәтелдердің мағынасын ашып көрейік.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ынтымақ – достық кепілі.
Татулық - табылмас бақыт.
«Ой қозғау»
Ойын «Кім табады?» Қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
-Қазақстан Республикасында қанша ұлттар мен ұлыстар мекендейді?
(130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді)
-Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды?
( 1наурыз 1995 жыл)
- 2015 жыл қандай жыл деп жарияланды?
(2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы)
Достарыңызбен бөлісу: |