Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: студенттерді кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Студенттерге құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.
Студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Типі: өнеге сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
1 - ші жүргізуші:
- Құрметті, ұстаздар, студенттер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Хош келдіңіздер!
2 - ші жүргізуші:
- Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Студенттер: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор
шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.
1 - ші жүргізуші:
- Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Студенттер: Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2 - ші жүргізуші:
- Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
1 - ші жүргізуші: «Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
2 - ші жүргізуші: Қазір, оқушылар сәлемдесу рәсімін, сөйлесу тәртібін көрсетеді.
( 2 ұл, 1қыз шығып көрсету.)
1 - студент: Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.
2 - студент: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.
1 - ші жүргізуші: Тәртіпсіз бала ұрыншақ, маңайындағы балаларға тыным бермейді. Қазіргі тамашалайтындарыңыз шағын көріністер.
(1, 2 – көріністер, жат мінез - қылықтарға байланысты.)
Заң төбелесіп жатқан балаларды тоқтатып, заң құқығын оқиды. 5 - бапты
Біреудің затын ұрлаған оқушыларға да, заң құқығын оқиды. 12 - бапты.
Тақтаға 5 студент шығып, бала құқығы туралы заң баптарын оқиды.
8, 9, 10, 11, 15 – баптарды.
Заң: Бас иетін бар адам,
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле - жаладан
Ата заң бұл ардақты.
1 - ші жүргізуші: Құқық дегеніміз не?
Оқушылар: Құқық - үкімет шығарған тәртіп ережесінің жиынтығы.
2 - ші жүргізуші:
- Жаңағы көріністерден қандай қорытынды шығаруға болады?
Оқушылар:
- Олар өктемдік, сотқарлық көрсетті, дөрекі мінездерін, қол - дарын жұмсады.
- Әке - шешелері дұрыс тәрбие бермеген, өз беттерімен кеткен, ерке, сот - қар, әдепсіз балалар.
1 - ші жүргізуші: Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,
әдепті боламыз. Ендеше, әдептілік туралы өлең - жырларымызды жалғастырамыз.
2 - ші жүргізуші: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады - деген осы ғой.
3 - студент: Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.
4 - студент: Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
5 - студент: Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
6 - студент: Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ тамақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Садыр салақ болмағын.
7 - студент: Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің,
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
Көрініс: «Әдеп»
2 - жүргізуші:
- Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:
- Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке өтуге көмектесу керек.
- Автобуста орын беру керек.
8 - студент: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
9 - студент: Сыйлап үлкен ағаны Таудай биік талабы
Сәлем берген баланы Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз.
Кесте толтыру. «Жалғастыру ойыны»
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек )
Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек )
Ысқыруға...(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе )
Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.)
Ой толғау.
1 - ші жүргізуші:«Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?
10 - студент: Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
11 - студент: Сонымен әдептілік дегеніміз - ізет, инабат, сыйласым, құрмет,
қамқорлық. Кешірімді болуымыз керек.
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
1 - жүргізуші:
- Оқушылар, бүгінгі сабақта « Балалар құқығын ұқтыңдар ма?»
Оқушылар:
- Ұқтық! Оқуға, өмір сүруге, өз ойымызды айтуға, зорлық - зомбылыққа қарсы тұруға және бақытты өмір сүруге құқымыз бар!
Ән: «Біз әдепті баламыз».
1, 2 - ші жүргізушілер:
- Осымен, тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдап, көргендеріңізге рахмет!
- Хош, сау болыңыздар!
Мұғалімнің сөзі:
- Қымбатты студенттер!
Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!