1.«Біздің түсінігімізде». Үш топқа бөлінген оқушылар өздерінің жинаған мәліметтерімен бөліседі. Үй тапсырмасы ретінде алдын ала берілген. Постер қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді.
Төтенше жағдай дегеніміз не?
Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары?
Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?
1 топ: . «Су»
Су тасқыны
Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
Су тасқыны кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
2 топ: «От» 3 топ: «Жер» 1 топ: . «Су»
Ситуациялық кезең
1 топ: . «Су»
1.Сендердің үйлерің өзен немесе көл жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік, сендердің іс-әрекеттерің?
2.Тауға саяхатқа шыққанда шатыр, шелек, балта, ыдыс, тамақ, жылы киім алып шықтың. Сұрақ: нені тастап кеттім деп ойлайсың?
3. Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
2 топ: «От»
1.Көлікте кетіп бара жатқаныңда егістік алқабы өртеніп жатыр, сендердің іс-әрекеттерің?
2. Егер сен тауға саяхатқа шыққанда адасып тауда қалдың, не істейсің ?
3.Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |