Тәрбие сағатының тақырыбы: «Төтенше жағдайлар»
Мақсаты:
Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы
ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру;
Міндеті:
Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру. Оқушыларды сыйластық қа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Төтенше жағдайлар туралы мәлімет алады. Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маныздылығын таниды. Жәрдем көрсетуге ұмтылады. Топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Пайдалы ақпараттарды іздеуге және оны пайдалануға үйренеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.
Сабақтың түрі: танымдық
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу;
Көрнекілігі: буклеттер, суреттер, мақал – мәтелдер, парақшалар;
Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер: «Өрт тілсіз жау», «Сақтықта қорлық жоқ», «От жақпа - пісерсің, ор қазба – түсерсің», «Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама –күйерсің», «Сақ жүрсең сау жүрерсің», «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар»;
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.
Сабақтың мақсат міндетімен танысу.
II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау»
Мұғалім сөзі: Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт болып саналады.
Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.
Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не?
1.Құрғақшылық (қуаңшылық)
2.Жұт (мал қырылу)
3.Өрт
4.Оба (ауру)
5.Соғыс
6.Топан су
7.Зілзала (жер сілкінісі)
Достарыңызбен бөлісу: |