Тәрбие сағатының тақырыбы: «Төтенше жағдайлар»



бет2/4
Дата20.01.2023
өлшемі26 Kb.
#165988
1   2   3   4
Байланысты:
Төтенше жағдайлар
НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ, 2 5418198069646724068, Жұптық тапсырма, несие алу, дөңгелек үстел, Математика апталығы
III. Негізгі бөлім.
Мағынаны ашу.
Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, өміріңді сақтап қалуыңа мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.
(Интерактивті тақтадан «төтенше жағдай» атты презентация көрсету)
Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?
1. Сабырлық сақтаңыз. 
Ойыңызды жинап, іс-әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.
2.Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз
Өзіңіз тұратын ауданды шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз.
3.Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек: Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз. Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз. Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар. Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз. Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз. 
Тиісінше әрекет етіп, қажетті заттарды реттеуге, әдетте, осы алты қағида жеткілікті.
Бастапқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз Алғашқы жәрдем дәрі қорабы. Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы. Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы. От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз. Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта. Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн. Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз.
5. Артық ештеңе алмаңыз
7. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз. Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, дайындыққа кірісіңіз.
8. Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, Бастапқы қажеттілік жиынтығын тексеріңіз. Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз.
9. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз
10. Күнделікті жаймашуақ өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз
Апатты жағдай орын алғанда, телефон желілеріне салмақ түсіріп, шын мәнінде көмекке зәру жандардың өміріне қауіп төндірмеңіз.
11. Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз
Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз, машинада сүйікті әуеніңіздің орнына радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз.
12. ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз.Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет