1.«Біздің түсінігімізде». Үш топқа бөлінген оқушылар өздерінің жинаған мәліметтерімен бөліседі. Үй тапсырмасы ретінде алдын ала берілген. Постер қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді.
1 топ: . «Су» Су тасқыны Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
Су тасқыны кезінде: - Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.