Топтарға тапсырма. «Бес неліктен» – бұл белгілі бір мәселенің негізінде жатқан себеп-салдарлы байланыстарды анықтауға арналған тәсіл. Тәсілдің негізгі міндеті «Неліктен?» сұрағын қайта қою арқылы мәселенің пайда болуының алғашқы себебін іздеу болып табылады.
Мысалы:
Неліктенсүйіспеншіліктанытудабатылдыққажет?
Көптеген адамдар сүйіспеншілік танытудан қорқады.
Неліктенадамдарсүйіспеншілікбілдіруденқорқады?
Жауапсыз қалудан қорқады.
Неліктенадамдаржауапсызқалуданқорқады?
Адамдардың сүйіспеншілігі бір кездері жауапсыз қалып, қазір жүректері жабылып, сүйіспеншіліктері тұншығып қалған.
Неліктенсүйіспеншілікадамдатұншығыпқалған?
Бойыңдағы сүйіспеншіліктаныту, қуанышсыйлауқабілетінашуүшінүлкенкүшкерек. Жақсылық жасау үшін қиындықтарды жеңе білу қажет.
Қорытынды: Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесапатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Ізгілік жаршыларының қолында кез келген дұшпанды тізе бүктіретін қару және барлық қақпаны айқара аша білетін кілт бар. Ол – сүйіспеншілік.
Мұғалім сыйы. Сара Назарбаева туралы бейнебаян.
Талқылау сұрақтары:
Өздеріңіз Сара Алпысқызы туралы қандай мәліметтер білесіздер?
Бұл кісіні «Алтын жүректі ана» деп атаудың сыры неде?
Ана сүйіспеншілігінің киесі туралы қандай ой-пікір қосар едіңіздер?
Ананың жүрек лүпілінен қандай ғажайыптар туындайды?
Өздеріңіз ана болсаңыздар қандай сезімде болар едіңіздер?