Тәрбие сағатының тақырыбы



бет3/3
Дата31.08.2022
өлшемі94,46 Kb.
#148459
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сүйіспеншілік жолындағы өмір

Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім: Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол – үлкен жүректі алыптардың ісі. Сондай адамдардың бірі де, бірегейі де – Сара Алпысқызы. Осы орайда І.Есенберлиннің «Жақсы көру – жүректің ісі, адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат. Ұлы ашылымдар болмаса да – бәрі бір адамзат өмір сүреді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.» деген сөзін айтуды жөн көрдім. Біздің Сара апамыз да – үлкен жүректі, көкірегі нұрға толы адам.
Оқушылар «Алтын жүректі ана» тақырыбына постер құрастырады (топпен жұмыс жасайды, ұсынады, оны қорғайды).



  1. Сабақтың қорытынды сәті

Енді түзу де еркін отырып, көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта айтылған ғибратты әңгімелер мен өнегелі ойлардағы ізгі қасиеттерді, адамзаттық асыл қасиеттер туралы алған білімдерімізді, сабақтан алған әсерлерімізді бір сәт көз алдымыздан өткізіп, жүрегімізге терең бойлатып, әр кез жадымызда сақтайық.
«Адам несімен күшті? Өзінің сүйіспеншілігімен! Біздің өміріміз сүйіспеншілікке негізделген: сүйіспеншіліктен туылып, сүйіспеншіліктен нәр алып, сүйіспеншілік үшін өмір сүреміз, махаббат Тәңір бізге берген нәрселерді сақтау үшін Сүйіспеншіліктің атымен құрыламыз, жақсылық жасаймыз, құрамыз да!» (С.А.Назарбаева) .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет