Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік


Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі107,36 Kb.
#185431
1   2   3   4
Байланысты:
3 дәріс
Адамгершілік тәрбие, РЕФЕРАТ1 (1) (1)
Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары
Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны орындаудың бірізді жүйесі жасалғанымен, педагог тәрбиелеудің формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса, тәрбиені іске асыра алмайды.
Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары:

  1. Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты, кешенді тұрғыда бірін-бірі толықтыра, бірізді, жүйелі жүргізілуге тиіс.

  2. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оны жан-жақты түгел зерттеп, психологиялық-физиологиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мүмкіндігін біліп, оған жеке-дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.

  3. Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел ескеріп, тәрбие әдістерін таңдау қажет.

  4. Жеке тұлғаға ықпал ету әдістерін таңдағанда, оның бойында қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген дұрыс.

Осы аталған тәрбие шарттарын ескеру тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады:

  1. кезең – осы шығармашылық істі өткізуге деген жеке тұлғаның құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау.

  2. кезең – шығармашылық істі өткізудің жоспарлануы («Кім үшін?», «Кіммен?», «Қай мезгілде?» дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау).

  3. кезең – шығармашылық істің жүзеге асуы.

  4. кезең – атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезеңдегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең.

Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілер өздеріне қызықты шығармашылық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді.
Тәрбие технологиясының кез келгенінің ең маңызды кезеңі – қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс тәрбиеленушіге қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім ғана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді.
2. Тәрбиеленушінің қоршаған ортаға ізгілікті қатынасын туғыза отырып, оның адамгершілік негізін қалыптастыру. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын белгілерді анықтайды. 29-суретте адамгершілік тәрбиесінің сапалық белгілері көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет