Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік


Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі107,36 Kb.
#185431
1   2   3   4
Байланысты:
3 дәріс
Адамгершілік тәрбие, РЕФЕРАТ1 (1) (1)
Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына қалыптастыруда оны ұтымды пайдаланудың педагогикалық деңгейін анықтау аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.
Өмірге қарым-қатынасын қалыптастыратын тәрбие процесінің негізгі мақсаты – тәрбие жұмысын жүзеге асыруда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ұлттық құндылықтарды құрметтеуін қалыптастыру арқылы дүниетанымын дамыту.
Сонымен тәрбие жұмысын жүзеге асыруда оларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеудің педагогикалық деңгейлері төмендегідей топтастырылады
Теориялық деңгейтұлғалық-бағдарлық, іс-әрекет және таным теорияларына сүйене отырып, ұлттық құндылықтар туралы материалдардың жүйеленуі. Тәрбиеленушінің тұлғалық мүмкіндіктерінің диагностикасын енгізетін, тұлғаның дамуына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін, оқу-тәрбие процесінің тұлғалық-бағдарлық бағытын күшейту, ұжымда психологиялық ахуалды сақтау, педагогикалық ынтымақтастықты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Әдістемелік деңгей – жеке тұлғаның ұлттық құндылықтар туралы білімдерін сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында дамытудың әдістері мен тәсілдері; адами құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мазмұны мен құралдарының тәжірибелік жұмыста тексерілуі.
Технологиялық деңгей – тәрбиенің стратегиясын анықтау, диагностика, тиімді ұйымдастырушылық құрылымын, тетігін, нобайын меңгеруді; жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруын, өзін-өзі бақылауын ұйымдастыруды; ақпараттықкоммуникативтік технология құралдарымен жеке тұлғаның ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуді қамтамасыз ететін белсенді тәжірибелік-бағдарлық формалар мен әдістерді пайдалануды; оқу-тәрбие процесінің технологияландыру жақтарын қамтамасыздандырады.

Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері
Қазіргі кезеңде тәрбие теориясы мен тәжірибеде екі негізгі тенденция орын алып отыр. Біріншісі, адамды субъект ретінде қарау арқылы оның түрлі жақтарын терең талдау тенденциясы және екіншісі, тәрбие процесін технологияландыру тенденциясы. Қазіргі кезде біздің алдымызда жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әрі олардың жетілуінде кездесетін түрлі әлеуметтік кедергілерді жеңуге септігін тигізетін, педагогикалық технологияларды құру мен оларды негіздеу қажеттілігі тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет