Тәрбие -динамикалық, диалектикалық және үзіліссіз процесс. Тәрбие-дегеніміз адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді енбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпақтарға қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі.Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамдық жолға қарай дамуын қамтамасыз ету.Балада берік һәм дұрыс мінез пайда болу үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орындау керек.

Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана тәрбиеші көмек көрсетіп жіберуге міндетті. Күшпен асатын іске кірісіп, баланың тауы шағылмасы үшін баланы құбылмайтын, ұсақтықпен темірдей тәртіпке бағындыру керек. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа бағындыру, табандылыкка үйретеді. Осы екі жағы тең адамның мінезі күшті болмақ қой. Баланы тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей, оның бар еркелігін орындай беру баланы бейбастық, ессіз тентек қылып шығарады.

Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей баланы ортада ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек.
Балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай, бақырмай, салмақпен һәм былайда жарайды, деген табансыздық көрсетпеу керек.

Тәрбиешінің табансыздығын сезсе бала оны сыйлаудан, тілін алудан қалады. Тәрбиеші тиянақты болса, бала оның тиянағына еліктейді.
Балаға бір нәрсе істе деген де, істеме дегенде де, бұл бұйрықтын себебін ұққандай қылып балаға ұқтырып отыру керек.
Себебін ұқса, біраздан соң бала өз бетімен -ақ дұрыс іске ұмтылып, теріс істен тиылатын болады. Мән жайын ұқтырмай, құр бұйрық беруші адам -тәрбиеші емес.
Тәрбие деген- баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Яки отырса-басқа, тұрса аяққа ұрып, көрбала қылып өсіру де емес. Баланы тәрбие қылу -тұрмыс маңдайында ақылы мен, әдіс пен күресе білетін адам шығару деген сөз-дейді М.Жұмабаев.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың өзіне дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмыстарында сана сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды. Өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстар тақырыптары; ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесін ұштастырып алады.
Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің Республикалық II -съезінде атап көрсеткендей оқыту мен тәрбиелеудің бір -бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кенеушілікке себеп болды. Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім Заңын және соған сәйкес жасалған «Білім беру мекемелеріндетәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын» жасап енгізді.